ТОП-10: 2025 жылы қандай жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары болады

7

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, сұранысы жоғары жұмысшы мамандықтардың алғашқы ондығының тізімі мынандай:

1. Жүк көлігінің жүргізушісі (21,8 мың адам немесе жалпы сұраныстың 5,4 пайызы);

2. Сантехниктер және құбыр салушылар (17,3 мың адам немесе жалпы сұраныстың 4,3 пайызы);

3. Дәнекерлеуші (15,6 мың адам немесе жалпы сұраныстың 3,9 пайызы);

4. Құрылысшылар бригадасының басшысы, бригадир (11,9 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,9 пайызы);

5. Автобус жүргізушісі (10,8 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,7 пайызы);

6. Сылақшы (9,9 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,5 пайызы);

7. Техник-электрик (9,7 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,4 пайызы);

8. Тракторшы (9,6 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,4 пайызы);

9. Құрылысшы-монтаждаушы (7,9 мың адам немесе жалпы сұраныстың 1,9 пайызы);

10. Темір ұстасы, слесір (7,4 мың адам немесе жалпы сұраныстың 1,8 пайызы).

Сондай-ақ, орталық сарапшылары кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға алдағы 5 жылдағы сұраныс көлеміне жасаған болжамын жариялады:

· 2025 жыл: 63,8 мың адам

· 2026 жыл: 65,7 мың адам (+1,9 мың немесе 3%)

· 2027 жыл: 67,9 мың адам (+2,2 мың немесе 3,3%)

· 2028 жыл: 66,8 мың адам (1,1 мыңға кемиді немесе -1,6%)

· 2029 жыл: 67,5 мың адам (+0,7 мың немесе 1%)

· 2030 жыл: 71,4 мың адам (+3,9 мың немесе 5,8%).

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз