Еркін ауылында 150 орынды мәдениет үйі салынады

16
Жаңа жыл Еркін ауылы халқы үшін қуанышты жаңалықпен басталып отыр. Ауылға 150 орынды мәдениет үйі салынбақ. Бұл ауыл тұрғындарының көптен бергі арманы болып келген мәселенің бірі еді. Енді Еркін халқы заман талабына сай жабдықталған жаңа мәдениет үйінде түрлі іс-шараларды, ауылдың басқосуларын, өнерпаздардың әуезді кештерін тамашалауға мүмкіндік алмақ. Бұл туралы Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жалпы ауданы 1 228,6 шаршы метр болатын жаңа мәдениет үйінде әртүрлі үйірмелермен қатар ауыл кітапханасы орналасатын болады. Мұнда жастар мен барлық тұрғындар өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, жаңа білім мен тәжірибе жинақтай алмақ.
Құрылыс жұмыстары ерте көктемде басталып, 2025 жылдың соңына дейін ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Еркін ауылдық округінде елдің әлеуетін арттыратын тың жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жол инфрақұрылымы жақсарып, аулалар абаттандырылып, көшелер жарықтандырылып, көгілдір отынмен қамту деңгейі артқан. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Еркін ауылының дамуы мен гүлденуі үшін бұл жобалар үлкен маңызды қадам болып табылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз