Жетісу облысында «Басқуат» жылу қазандығының жүктемесі азайтылады
Биыл Жетісу облысының аудан-қалаларында жылумен жабдықтаудың бірнеше маңызды жобасы іске асырылады. Бұл ретте Талдықорған қаласында қуаты 49 Гкал/сағ болатын қазандықтың құрылысы қолға алынса, жеке инвестиция есебінен «Басқуат» қазандығының базасында газ турбиналық станция салынуда. Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде қазіргі кезде жыл бойы жұмыс істейтін аталған қазандықтың жүктемесін тағы 30% азайтуға мүмкіндік туады. Атап өтсек, бұған дейін қаладағы жылу желілерін...
Президент: Үкімет пен әкімдер жұмысының тиімділігін азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз
Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп — бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық. Жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл —...
Жетісу облысында қатерлі ісік ауруын жаңа әдіспен емдеуді қолға алды
Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Облыстық көпсалалы клиника дәрігерлері HIPEC - гипертермиялық интраперитонеальді химиотерапия технологиясын қолдана отырып, аналық без обырын, асқазан және тоқ ішек обырын аралас емдеудің жаңа, жоғары технологиялық әдістемесін енгізді. Аталған жаңа әдісті енгізу мақсатында Израиль мен Италиядан арнайы мамандар келіп, клиника дәрігерлеріне мастер-класс өткізді.
Осы уақытқа дейін гипертермиялық интраперитонеальді химиоперфузия технологиясын ҚР жетекші ғылыми институттардың дәрігерлері...
Ел қамы. Қоғамдық Кеңес көтерген келелі мәселелер
Талдықорған қаласының Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібі бойынша алдымен «Талдықорған қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Талдықорған қаласы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №29-174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы туралы мәселе қаралды. Аталған шешімнің жобасымен «Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Қайрат Мәженов баяндама жасап,таныстырды. Екінші, Еңбек ардагері, «Алматы облысының Құрметті азаматы» Ш.А. Тергеуованың...
Алматы облысында алғашқы донорлық операция жасалды
2025 жылдың қаңтар айында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында Алматы облысында алғашқы донорлық операция сәтті жасалды. Клиника мамандары бас миының өлімі диагнозы анықталған 46 жасар ер азаматқа донорлық процесс ұйымдастырды. Бұл процесс донордың туыстарынан органдарды алуға келісім алғаннан кейін жүзеге асырылды. Операция кезінде екі бүйрек, жүрек, өкпе және екі көздің қабығы алынды. Бұл операция Қазақстан трансплантология саласындағы маңызды оқиға болды....
Дуальды білім беру мен бизнестің жаңа мүмкіндіктері
Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл шешім білім беру жүйесін дамыту мен кадрларды даярлау сапасын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бұл бастаманы жүзеге асырудағы негізгі қадамдардың бірі — бизнес пен колледждер арасындағы өзара әрекеттестікті күшейту, әсіресе дуальды білім беру картасы аясында. Бұл бағытта Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасы да белсенді түрде өз үлесін қосып жатқанын атап өту...
Балалар құқығын қорғау
Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы Шарипбаева Шынар Жүсіпқызы 2024 жылдың қорытындысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қабылданған үш негізгі заңға қатысты атқарылған жұмыстар жайында баян етті.
Сонымен қатар, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының рөлін күшейту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша сондай-ақ, жекеменшік мектептерде оқитын барлық балаларға арналған білім беру бағдарламасы аясында әлеуметтік көмек жайында және...
Негізгі миссия — Заң және тәртіп
Бүгін бас қадағалау органында кеңейтілген алқа отырысы өткізілді, онда 2024 жылғы жұмыстың қорытындысы қаралды.
Іс-шараны аша отырып, Бас Прокурор Берік Асылов прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңға бағынатын бизнесті заңсыз тексерулерден арашалау, маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, заңсыз активтерді қайтару, азаптаулардың алдын алу, сондай-ақ алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және басқа да қауіпті құбылыстарға қарсы күрес жөніндегі құқық қорғау...
Көпбалалы аналар баспаналы болды
Талдықорғандық 19 көпбалалы отбасы «Береке» коттеджді қалашығынан баспаналы болды. Қала әкімі Ернат Бәзіл әрбір қуаныш иесіне пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті. Айтулы шарада сөз алған Ернат Дүйсенбекұлы қоныс иелерін құттықтап, өңірде халықты тұрғын үймен қамту ісі жылдан жылға қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Дәл осы аймақта өткен жылдың желтоқсан айының соңында 25, ал, жыл басында 30 баспана...





























