Ел қамы. Қоғамдық Кеңес көтерген келелі мәселелер

29

Талдықорған қаласының Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысының  күн тәртібі бойынша алдымен «Талдықорған қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Талдықорған қаласы мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №29-174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы туралы мәселе қаралды. Аталған шешімнің жобасымен «Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы Қайрат Мәженов баяндама жасап,таныстырды. Екінші, Еңбек ардагері, «Алматы облысының  Құрметті азаматы» Ш.А. Тергеуованың «Батырлар аллеясын» құру туралы ұсынысы да  бірауыздан мақұлданды. Кеңес мүшелерінің назарына ұсынылған  «Тұтынылған жылу энергиясына ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды өзгерту мәселесі бойынша қала тұрғындарының өтініштері туралы» үшінші мәселе біраз дау-дамай туғызды. Осы мәселені қарастыру жан жақты талдауды қажет ететіндіктен кейінге қалдырылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз