2025 жылы төлқұжат пен жеке куәлік үшін мемлекеттік БАЖ мөлшері қандай?
Бізге жеке куәлік және төлқұжат жайлы сұрақтар жиі түсетіндіктен, бұл маңызды ақпаратпен бөлісуді жөн көрдік. 2025 жылы Қазақстанда АЕК мөлшері 3932 теңгені құрады, осыған байланысты төлқұжат пен жеке куәлікті рәсімдеу үшін мемлекеттік баж салығы да өсті. Құны, керекті құжаттар тізімі және дайындалу мерзімі туралы бүгін айтамыз.
Дереккөзі: “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы
Инновациялық «STEM» кабинеті ашылды
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінде тарихи күн болды. 1992-1996 жылдары дәл осы мектепті басқарған, білім саласының майталманы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинованың және «Альянс-Техносервис» компаниясының қолдауымен STEM кабинеті салтанатты түрде ашылды.
STEM кабинеті – оқушылар үшін ғылым мен технология әлеміне енуге, шығармашылық жобалар жасауға және болашаққа батыл қадам басуға мүмкіндік беретін инновациялық орталық.
Ашылу салтанатына Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова, Жетісу облысы білім басқармасының...
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
«Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты», - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саланың жыл сайынғы жеткіліксіз қаржыландыру мәселесі шешілді.
Көктемгі егіс, егін жинау жұмыстарына және ауыл шаруашылық техникасының лизингіне қомақты қаражат бөлінді....
Агроөнеркәсіптік кешен саласы жіті назарда
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жіті назар аударуды қажет ететін бірқатар жүйелі мәселелерге назар аударды. Соның бірі - ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына қолдау көрсете отырып, рентабельді дақылдарды өсіру бағытын жалғастыру. Осы орайда, «Малдың жұқпалы ауруларына қатысты ахуалды, соның ішінде екпе егу мәселесін ерекше бақылауда ұстаған жөн. Мал шаруашылығының экспорттық әлеуеті осыған байланысты»- деп атап өтті.
Ерлан Иманғалиев, «Талдықорған қаласы қазақша...
Киберқылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет
Жаңа технологияларды дамытумен және мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың қызметіне жасанды интеллект құралдарын кеңінен енгізумен қатар киберқылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет. Оның ішінде елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған алаяқтық, жалған ақпарат тарату, арандатушылық және жала жабуға қатысты киберқылмыстармен күресу керек. Мемлекет басшысы аталмыш әрекеттер азаматтардың қауіпсіздігіне және елдегі тұрақтылыққа үлкен қатер төндіретінін айтып, Үкіметке мұндай ақпаратты таратқаны үшін...
Тарифтік саясаттың жаңа стандарттарын әзірлеу тапсырылды
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Тиісті тапсырмалар берді.
Үкіметке нарықтық жағдайларға толық сәйкес келетін тарифтік саясаттың жаңа стандарттарын әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Мұнда мәселе электр энергиясын, жылу мен суды үнемдеу ғана емес, оларды тұтыну мәдениеті мен үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету. Әрбір азамат, өзіне қажет мөлшерден көп су жұмсамау керектігін түсінуі керек. Сондықтан, су...





























