Жаңа технологияларды дамытумен және мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың қызметіне жасанды интеллект құралдарын кеңінен енгізумен қатар киберқылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет. Оның ішінде елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған алаяқтық, жалған ақпарат тарату, арандатушылық және жала жабуға қатысты киберқылмыстармен күресу керек. Мемлекет басшысы аталмыш әрекеттер азаматтардың қауіпсіздігіне және елдегі тұрақтылыққа үлкен қатер төндіретінін айтып, Үкіметке мұндай ақпаратты таратқаны үшін заңнамалық жауапкершілік шараларын қабылдауды, сондай-ақ азаматтардың жеке деректерінің барынша қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жарылқасын Болатұлы, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты