Тарифтік саясаттың жаңа стандарттарын әзірлеу тапсырылды

25

 Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды. Тиісті тапсырмалар берді.

Үкіметке нарықтық жағдайларға толық сәйкес келетін тарифтік саясаттың жаңа стандарттарын әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Мұнда мәселе электр энергиясын, жылу мен суды үнемдеу ғана емес, оларды тұтыну мәдениеті мен үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету. Әрбір азамат, өзіне қажет мөлшерден көп су жұмсамау керектігін түсінуі керек. Сондықтан, су ресурстарының жаһандық тапшылығын ескере отырып, тұтынудың әртүрлі әлеуметтік нормаларын қолдану маңызды.

Тұтыну мәдениетіне қосымша, Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеу қолданыстағы технологияларға да тікелей байланысты екенін атап өтті.

Суды үнемдеудің озық технологияларын қолданатын Қытайды мысалға келтірді. Үкіметке Қазақстанда да осындай технологияларды енгізу мәселесін пысықтау тапсырылды.

                                                                                            Анель    КАПЕКОВА,

                                    «Жетісу облысы іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрағасы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз