Қала аумағында барлығы 259 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді
Тұрақты жұмыс орындарының аз болуы бюджет кірісінің көлеміне кері әсерін береді. Осы орайда біздің алдымызда заманауи технологияларды өндіріске енгізу, сол арқылы тұрақты жұмыс орындарының санын көбейту, өңірдің әл-ауқатын жақсарту міндеттері тұрғаны баршаға мәлім. Бұл бағытта өнеркәсіп секторына инвестиция тартылып, жаңа өндіріс орындары іске қосылып, жұмысын жүргізуде. Отандық тауар өндірушілердің сапалы әрі қолжетімді бағадағы өнімдері бүгінгі таңда ерекше сұранысқа ие...
Өнеркәсіп өндірісін дамыту
Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу, жаңа бастамалардың барлығы аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашуға бағытталуы маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне жасаған жұмыс сапарында «Мемлекет мықты болсын десек, ең алдымен, өңірлеріміз қуатты болуы керек. Өндірісі дамыған елге айналу үшін осы салаға көңіл бөліп отырмыз – деп жеткізген еді. Сондай-ақ, аймағымыз әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап, аталмыш...
Ұлттық киім күнін әскери қызметшілер ерекше атап өтті
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Ұлттық киім күнін ерекше атап өтті. Іс-шара аясында шекарашылар қазақы ою-өрнекпен безендірілген киім киіп, ұлттық дәстүр мен мәдениеттің жарқын үлгісін көрсетті.
Ұлттық киім күні – қазақ халқының бай мұрасын дәріптеп, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған ерекше мереке. Осыған орай, Жетісу облысының шекарашылары - тек сыртқы келбетімен ғана емес, ұлттық...
Облыс әкімі су тасқыны қаупі бар аймақтарды әуеден бақылады
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Төтенше жағдайлар департаментінің және «Қазселденқорғау» ММ филиалының басшылығымен бірлесіп Жетісу Алатауы тауларына аэровизуалды тексеру жүргізді. Әуеден бақылау барысында су тасқынының алдын алу мақсатында таулы өңірлердегі қар жамылғысы деңгейі мен қардың еру процесіне зерделеу жасалды. Сондай-ақ аудан, қала әкімдері жергілікті жерлерде селдің алдын алу бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы...
Ұлттық киім – бірегей ұлттық болмысымыздың маңызды көрінісі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Әз-Наурыз мерекесіне әзірленген тұжырымдамадағы «Ұлттық киім күні» қоғамның зор қолдауына ие болғанын, қазақи нақыштағы киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келе жатқанын және бұл өте жақсы үрдіс екенін атап өткен болатын. «Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық. Әсіресе, әйелдердің дәстүрлі киімі өте ғажап көрінеді. Себебі ұлттық киім – біздің бірегей...
Салық реформасы — экономикалық дамудың негізгі міндеттерінің бірі
Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салық реформасын елдің экономикалық дамуының негізгі міндеттерінің бірі ретінде белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Сенат депутаты 24.kz арнасына берген сұхбатында Евгений Больгерт айтты.
Президент шешуші қадам жасамасақ экономика елеулі сын-қатерлерге тап болуы мүмкін екенін атап өтіп, заңнамаға шұғыл түрде қажетті өзгерістер енгізуді тапсырды. Оның айтуынша, ұсынылған шаралар негізгі экономикалық және әлеуметтік факторларды ескереді. «Салық...
«АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ «ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ» ММ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАРДЫ БЕРУГЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Конкурс туралы
«Азаматтықбастмалардықолдауорталығы» КЕАҚ (бұданәрі – Оператор) «ЖетісуоблысыныңҚоғамдық даму басқармасы» ММ басшысының «Үкіметтікемесұйымдарғаберілетінмемлекеттікгранттардыңбасымбағыттарының 2025 жылғаарналғантізбесінбекітутуралы» 2025 жылғы «13» наурыздағы № 8-н/қ бұйрығышеңберіндеүкіметтікемесұйымдарға (бұданәрі – ҮЕҰ) мемлекеттікгранттарберуге конкурс жариялайды.
Конкурс азаматтықбастамалардықолдау, азаматтыққоғаминституттарыныңәлеуетін «ҚазақстанРеспубликасындағымемлекеттікәлеуметтіктапсырыс, үкіметтікемесұйымдарғаарналғангранттаржәнесыйлықақылартуралы» ҚазақстанРеспубликасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына (бұданәрі – Заң), ҚазақстанРеспубликасыАқпаратжәнеқоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығыменбекітілгенМемлекеттікгранттардықалыптастыру, беру, мониторингтеужәнеолардыңтиімділігінбағалауқағидаларына (бұданәрі – Қағидалар) (сілтеме: adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029848)сәйкесәлеуметтіксаланыдамытудыңөзектімәселелеріншешугетартумақсатындаөткізіледі.
Қандайүкіметтікемесұйымдарконкурсқақатысаалмайды
Төмендегідейнысандақұрылғанкоммерциялықемесұйымдарконкурсқақатысаалмайды:
1) саясипартиялар;
2)...
Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша дәріс өтті
Денсаулық – әр адамның басты байлығы. Осыған орай, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы үшін Панфилов ауданының орталық ауруханасы мамандарының қатысуымен «Туберкулез және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында сұхбат сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында дәрігер М.Мұсаева мен фельдшер, ефрейтор Г.Әлімжанов жұқпалы аурулардың таралу жолдары, олардың алдын алу шаралары және ерте...
Шекарашылар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
Жақсылық жасау – ізгілік пен адамгершіліктің айқын көрінісі. Осы орайда, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына «80 қайырымды іс» шеңберінде аудандық мәдениет үйімен бірлесіп, «Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараға Панфилов ауданында орналасқан балалар үйінің тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар шақырылды. Балғындар үшін концерттік бағдарлама...
Жеңіске -80 жыл. 80 игі іске шекарашылардың үлесі
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Осы орайда, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «80 игі іс» бастамасына үн қосып, «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды.
Іс-шара барысында шекарашылар бөлімшенің аумағы мен оған іргелес көшелерді тазалап, айналаны қоқыстан арылтты. Акцияға жеке құрам белсенді түрде...





























