Денсаулық – әр адамның басты байлығы. Осыған орай, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамы үшін Панфилов ауданының орталық ауруханасы мамандарының қатысуымен «Туберкулез және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында сұхбат сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында дәрігер М.Мұсаева мен фельдшер, ефрейтор Г.Әлімжанов жұқпалы аурулардың таралу жолдары, олардың алдын алу шаралары және ерте диагностикасының маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, шекарашыларға аурудың алғашқы белгілерін қалай анықтау керектігі, жеке гигиена мен дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде кеңестер ұсынылды.
Сұхбат сабағы интерактивті форматта өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды. Шекарашылар күнделікті қызмет барысында халықпен жиі байланыста болатындықтан, бұл тақырып олар үшін аса өзекті екені атап өтілді.
Осындай алдын алу шаралары жеке құрамның денсаулығын нығайтып, олардың қызметтік міндеттерін толыққанды орындауына ықпал етеді. «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы ұжымында алдағы уақытта да осындай ақпараттық іс-шаралар жалғасын табатын болады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті