Қала аумағында барлығы 259 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді

32

Тұрақты жұмыс орындарының аз болуы бюджет кірісінің көлеміне кері әсерін береді. Осы орайда  біздің алдымызда заманауи технологияларды өндіріске енгізу, сол арқылы тұрақты жұмыс орындарының санын көбейту, өңірдің әл-ауқатын жақсарту міндеттері тұрғаны баршаға мәлім. Бұл бағытта өнеркәсіп секторына инвестиция тартылып, жаңа өндіріс орындары іске қосылып, жұмысын жүргізуде. Отандық тауар өндірушілердің сапалы әрі қолжетімді бағадағы өнімдері бүгінгі таңда ерекше сұранысқа ие екендігін көрсетіп үлгерді. Қала аумағында барлығы 259 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, оның 13 ірі және орта кәсіпорын өндіріс көлемінің 69,7%, соның ішінде жүйе құраушы 4 кәсіпорын қаланың жалпы өнеркәсіп саласындағы көлемінің 49,5% өндіреді. 2024 жылы 5 жаңа кәсіпорын іске қосылды және 1 өндіріс кеңейтілді, нәтижесінде 209 жұмыс орны құрылды. Оның ең үлкені «ASMA Industrial» ЖШС-нің стационарлық аккумуляторлық батареялар шығаратын зауыт.

Мирас ИСЛАМХАН, «Sardar Export» ЖШС директоры

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз