Шекарашылар қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

23

Жақсылық жасау – ізгілік пен адамгершіліктің айқын көрінісі. Осы орайда, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына «80 қайырымды іс» шеңберінде аудандық мәдениет үйімен бірлесіп, «Жақсылық жасап жарысайық!» атты қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараға Панфилов ауданында орналасқан балалар үйінің тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар шақырылды. Балғындар үшін концерттік бағдарлама қойылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, балаларға арнайы сыйлықтар табыс етіліп, олардың қуанышты сәттеріне куә болу – шараға қатысқан барша азаматтар үшін ерекше әсер қалдырды.
Шара барысында шекарашылар балаларға өздерінің қызметі туралы айтып, Отан қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Олар жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді сіңіру және мейірімділік таныту – қоғамның негізгі құндылықтарының бірі екенін атап өтті.
Осындай игі істер өскелең ұрпақты қолдауға, оларға мейірім мен жылулық сыйлауға бағытталған. Шекарашылардың бастамасымен өткізілген бұл қайырымдылық шарасы олардың тек ел шекарасын қорғап қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті де жоғары қоятынын көрсетті. Мұндай ізгі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

                                   ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз