Өнеркәсіп өндірісін дамыту

38

Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу, жаңа бастамалардың барлығы аймақтардың өсіп-өркендеуіне жол ашуға бағытталуы маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріне жасаған жұмыс сапарында «Мемлекет мықты болсын десек, ең алдымен, өңірлеріміз қуатты болуы керек. Өндірісі дамыған елге айналу үшін осы салаға көңіл бөліп отырмыз – деп жеткізген еді. Сондай-ақ, аймағымыз әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап, аталмыш бағыттағы тиісті жұмыстарды жалғастыруды тапсырған болатын. Өнеркәсіп өндірісін дамыту және инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін «Талдықорған» индустриялдық аймағы құрылғаны баршаға мәлім, бұл – біздің экономикамыздың өсу нүктесі болып табылады. Өткен жылы индустриялдық аймақта орналасқан, алайда біршама уақыт тоқтап тұрған екі кәсіпорын өз жұмысын қайта жандандырды. Жалпы, өнеркәсіп саласын дамыту бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғастырылуда. Ағымдағы жылы да 5 өндіріс орнын іске қосып, бір кәсіпорынды кеңейту жоспарланған. Соның ішінде, ірі инвестициялық жоба «Стальбетон» ЖШС газбетонды блоктарды автоклавты жолмен қатайту арқылы өндіретін зауытты іске қосу  жоспарда бар.

Жазиля ТЕМІРБЕКОВА, кәсіпкер, Zhazilya кондитерлік желісінің директоры

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз