Қазақстанда білім беру жүйесі қалай өзгеруде: жаңа мектептер, мұғалімдердің жалақысының өсуі және оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы
«Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті»
Қасым - Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстанда тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір баланың сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат жүргізіліп келеді. Бұған соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ауқымды мемлекеттік бағдарламалар да ықпал етуде.
Елде жаңа мектептердің құрылысы бұрын-соңды болмаған қарқынмен жүріп...
Талдықорғанда көктемгі санитарлық тазарту жұмыстары басталды
Көктем айының басталуымен Талды қаламыздың коммуналдық қызметі қаланы ауқымды санитарлық тазалауға кірісті. Мәселен, көпірлер, ескерткіштер, тротуарлар, жол белгілері, аялдамалар жуылады, скверлер, саябақтар, арық жүйелері қоқыстардан тазартылуда. Қазір арнайы техниканың және коммуналдық мекеме қызметкерлерінің көмегімен жол жиегі, тротуарлар мен жол жабындарын инертті материалдардан тазалау жұмыстары басталып, қарқынды жүргізілуде. Іс-шараға 35 арнайы техника бірлігі және 200-ден аса дала еңбеккерлері жұмылдырылды. Айта...
Жетісу облысында «Наурыз каникул- 2025» жобасы: фестиваль, спорттық жарыстар
Жетісу облысында «Наурыз каникул – 2025» жобасы аясында оқушылар арасында театр фестиваль-байқауы, волейбол, баскетбол, футбол сияқты танымал спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, экскурсиялар, ашық есік күні, түрлі тақырыпта челлендждер, вебинарлар, жас суретшілер басқосуы сияқты көптеген іс-шаралар өткізілуде.
Оқушылардың демалысын пайдалы ұйымдастыру мақсатындағы бұл шараларға 12600-ге жуық бала қатысты.
Мәселен, жоба аясында жасөспірімдер нашақорлығының алдын алу бағытында «Театр – тәрбие бастауы» атты облыстық...
Сақ стилі. Ұлттық банк жаңа 1 000 теңгелік банкноталарды шығарады
Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 28 наурыздан бастап жаңа дизайндағы номиналы 1 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарады.
Бұл «Сақ стилі» сериясымен шыққан төртінші жаңа банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің түп негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.
Дегенмен, банкноталар жаппай қолданысқа 2025 жылдың екінші жартысында беріле бастайды. Себебі оларды еліміздің барлық аймағына жеткізу үшін...
Жетісуда «Наурыз каникул – 2025» жобасына 12 мыңнан астам оқушы қатысты
Жетісу облысында «Наурыз каникул – 2025» жобасы аясында оқушылар арасында театр фестиваль-байқауы, волейбол, баскетбол, футбол сияқты танымал спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, экскурсиялар, ашық есік күні, түрлі тақырыпта челлендждер, вебинарлар, жас суретшілер басқосуы сияқты көптеген іс-шаралар өткізілуде. Оқушылардың демалысын пайдалы ұйымдастыру мақсатындағы бұл шараларға 12600-ге жуық бала қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Мәселен, жоба аясында жасөспірімдер нашақорлығының алдын...
Өнер — жүректің ісі
«Өнер - дүние тұрғанша тұратын ерекше құбылыс. Білектің емес, жүректің ісі». Жыл сайын 27 наурызда барша сахнагерлер кәсіби мерекелерін атап өтеді. Б.Римова атындағы драма театры облысымыздағы айрықша орны бар, өзіндік тарихы бар өнер ордасы. Сондықтан, бұл тек актерлардың ғана емес, күллі халықтың мерекесі деуге болады. Осы орайда театр қызметкерлері төл мейрамдарына орай баспасөз мәслихатында жаңалықтарымен бөлісті.
Жиын барысында театр директоры...
ЖЕТІСУДА МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН ҚҰРУ КЕЗІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг қорытындысы бойынша «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Сағабүйен балалар саз мектебі» МКҚ монополияға қарсы органның келісімінсіз құрылғаны анықталды, бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзады.
Анықталған бұзушылыққа байланысты Департамент жіберілген сәйкессіздіктерді жою туралы нұсқама шығарды. Қазіргі уақытта...
Тауық етін көтерме саудада өткізу нарығына жүргізілген талдау аяқталды
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тапсырмасына сәйкес, құс етін (тауық еті) көтерме саудада өткізу нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспардан тыс талдау жүргізді.
Бәсекелестіктің жай-күйін талдау мен бағалауды жүргізудің мақсаты көрсетілген тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін айқындау, тауар нарығында үстем және монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау, бәсекелестікті қорғау саласындағы...
ИНДУСТРИЯЛЫҚ СЕРТИФИКАТ АЛУҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕНІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕДЕРГІЛЕР КАРТАСЫНА ЕНГІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңесте, Мемлекеттік сатып алу саласында, оның ішінде индустриялық сертификат және "СТ-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттарын алу жөнінде проблемалық мәселелер мен кедергілер тақырыбы талқыланды. Отырыс барысында, кедергілер кеңесінің мүшелері индустриялық сертификатты және «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттарын...
Мемлекет басшысы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» медалі туралы Жарлыққа қол қойды
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы
2025 жылғы 26 наурыз
1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 80 жылдығы құрметіне, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне, қаһармандығы мен қайсарлығына терең құрмет көрсете отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі тағайындалсын.
2. Мыналар:
1) «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен...





























