Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментінің Тауар нарықтарына кіру кедергілерін анықтау және жою жөніндегі кеңесте, Мемлекеттік сатып алу саласында, оның ішінде индустриялық сертификат және «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттарын алу жөнінде проблемалық мәселелер мен кедергілер тақырыбы талқыланды. Отырыс барысында, кедергілер кеңесінің мүшелері индустриялық сертификатты және «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттарын нарық субъектілеріне берілу шарттарын талқылады және оны оңайтылу тәсілдерін ұсынды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігіне ұсыныс республикалық кедергілер картасына қосу үшін жіберілді.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаменті.