Үздіксіз күмбірлеген күй сазы рекорд орнатты

87
Фото авторы А.Нұршанов

Алматы облысының ішкі саясат  басқармасы мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен  «Домбыра  — дала дауысы» атты  шара мәресіне жетті. Тәулік бойы үздіксіз күмбірлеген күй сазы рекорд орнатты.

Дереккөз

Қазақстан рекордтар кітабының рекордтарын тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Сәбитұлы соңғы кездері халықтың домбыраға деген қызығушылығы артып келетіндігін  тілге тиек етіп

Фото авторы А.Нұршанов

«Бұрын елімізде болмаған шараға куә болып отырмыз. Атырау, Орал қалаларында бір мезетте мыңнан астам қатысушы күй орындап, ауқымы кең жиындар өткен болатын. Ал, 24 сағат бойы үздіксіз күй орындап, терме айту болмаған»-деп айтулы шараны абыроймен атқарған Жетісу жұртшылығына рекорд орнатқаны үшін арнайы  куәлік табыстады. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаев «Екі жыл бұрын «Домбыра party» форматында өткізуге тырысқан едік. Алайда, ол мезетте тәулік бойы орындауға күшіміз жетпеген болатын. Осы жолы оң нәтижесін берді. Баршаңызды құттықтаймын. Түркияда Айя-Софияда жыл бойы тоқтаусыз құран сүрелері оқылады. Соның аясында бүкіл дүние жүзі құранды естігенде бірден көз алдыларына Таяу Шығысты елестетеді. Ендігі біздің мақсатымыз — домбыраның үнін естігенде әлем халқы кең даламызды, Қазақстанды елестетуі керек»-деді. Сондай-ақ, шараға қолдау көрсеткен  мәдениет басқармасына, белсене қатысқан өнерпаздарға алғысын білдірді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK