«Үніңнен айналайын бұзылмаған!»

248
Домбыра-дала дауысы

Домбыраның әр пернесі тарих қатпарларын ақтарады. Ол қазақтың болмысынан, шежіресінен сыр шертер құдіретке ие. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбеттерден қалған, халқымыздың ғасырдан — ғасырға жалғасқан құдды бір қолтаңбасы іспетті.  Атадан-балаға жалғасып  келе жатқан ұлттық музыка өнерін өскелең  ұрпаққа насихаттау, қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту мақсатында Елбасы домбыра күнін бекіткені баршаға мәлім. Осы орайда Алматы облысының ішкі саясат  басқармасы мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Домбыра  — дала дауысы» атты  мерекелік шара өтуде.

Домбыра-дала дауысы
Бейбіт Мұсаев

Қаратал, Ақсу, Көксу, Ескелді аудандары мен Талдықорған, Текелі, Қапшағай қаласының 70-ке жуық өнерпазы тәулік бойы үздіксіз күй ойнайды. Осылайша қасиетті домбыраның шанағынан төгілген күмбірлеген  күй сазы Жетісу көгінде қалықтамақ. Ашылу салтанатында сөз алған «Рухани жаңғыру»  жобалық кеңсесінің директоры Дана Дүйсенова «ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұлттық құндылықтарымыз бен  аспабымыз, өнерді дәріптеу кеңінен қолға алынуда. Аталмыш шараны күй өнерін насихаттап, көпшілік қауымға рухани азық сыйлау мақсатында ұйымдастырып отырмыз»-деп қатысушыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік, бұған дейін де аймағымызда «Домбыра party — non stop» шарасы өткізілген болатын.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK