Талдықорғанда көктемгі санитарлық тазарту жұмыстары басталды

72
Көктем айының басталуымен Талды қаламыздың коммуналдық қызметі қаланы ауқымды санитарлық тазалауға кірісті. Мәселен, көпірлер, ескерткіштер, тротуарлар, жол белгілері, аялдамалар жуылады, скверлер, саябақтар, арық жүйелері қоқыстардан тазартылуда. Қазір арнайы техниканың және коммуналдық мекеме қызметкерлерінің көмегімен жол жиегі, тротуарлар мен жол жабындарын инертті материалдардан тазалау жұмыстары басталып, қарқынды жүргізілуде. Іс-шараға 35 арнайы техника бірлігі және 200-ден аса дала еңбеккерлері жұмылдырылды. Айта кетейік, сәуір айынан бастап қаламызда жалпы қалалық сенбіліктер ұйымдастырылып, өзен маңайы да күл-қоқыстан тазартылмақ.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз