ЖЕТІСУДА МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫН ҚҰРУ КЕЗІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

38

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг қорытындысы бойынша «Жетісу облысы білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» ММ «Сағабүйен балалар саз мектебі» МКҚ монополияға қарсы органның келісімінсіз құрылғаны анықталды, бұл Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзады.

Анықталған бұзушылыққа байланысты Департамент жіберілген сәйкессіздіктерді жою туралы нұсқама шығарды. Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз