Бейбіт Исабаев: Диорит өндіру толығымен тоқтатылды, Қызылтастың бірегей петроглифтері мемлекет қорғауына алынды
Талдықорған қаласының инфрақұрылымдық нысандарын аралау аясында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыс орталығының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Қызылтас шатқалына қатысты жағдайға пікір білдірді. Өңір басшысының айтуынша, петроглифтер тұрған жерлерде диорит өндіруге мүлдем тыйым салынады. Енді Қызылтастың бірегей петроглифтері жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізілді.
– Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында ел Президенті бай мәдени мұрамызды сақтау үшін бірегей тарихи...
Ынтымақтастық: ҚХР Шэньси өлкесінен келген делегациясы — Талдықорғанда
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл Қытай Халық Республикасы, Шэньси өлкесі, Юйлинь қаласының, партком мүшесі, Біріккен майданмен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Ван Хуашэн бастаған делегацияны қабылдады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас жайы сөз болды. Атап айтқанда, тараптар сауда-эконмикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде «жасыл» энергетика, туристік және мәдени-гуманитарлық бағыттар саласындағы екіжақты байланыстарды дамыту, инвестиция көзін...
1 ҚАЗАНДА МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛАДЫ
Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлкіне 2023 жылға салық төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы айқындайтын салық салу объектілерінің құны және мүлікті меншік құқығында иеленудің нақты мерзімі негізінде есептеледі.
Салықты есептеу ағымдағы жылдың шілде айында меншік иелеріне жіберілді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын...
Республикалық Халықтық штаб мүшелері жарқын болашақты таңдауға шақырды
АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев Кербұлақ ауданы, Алтынемел ауылындағы мектеп ұжымымен кездесті.
Ұстаздармен кездесуде спикерлер AЭС құpылысының мaңызы мeн қaжeттілігін түсіндіpді. Әуелі сөз тізгінін алған Ғалиасқар Төлендіұлының айтуынша, электр қуатын өндіру тиімділігі жағынан жаңартылатын энергия көзін пайдалану диапазоны 20-40 пайыз аралығында болса, АЭС-тің тиімділігі 90 пайыздан жоғары екен. Қазіргі уақытта Қазақстанды энергия тапшылығынан АЭС қана...
КЕРБҰЛАҚТЫҚТАР АЭС-ТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Кербұлақ ауданың тұрғындарымен кездесіп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен артықшылықтары талқылауда.
АЭС-тің мүмкіндіктерін аудандағы ұстаздар да қолдайды.
Кездесуде Халықтық штабтың мүшелері, ҚР мәжіліс депутаты Болат Керімбек және «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын АЭС салудың ұтымды тұстарын егжей-тегжейлі баяндап, нақты деректер келтірді.
«Қазақстанның энергетикалық жүйесі қиын жағдайға тап болып отыр. Қазіргі электр...
Мәжіліс депутаты «Қызылжар» өндірістік кооперативі ұжымымен кездесті
Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек Жетісу облысы, Кербұлақ ауданындағы «Қызылжар» өндірістік кооперативі ұжымымен кездесіп, АЭС құрылысы еліміздің ұзақ мерзімді энергетикалық даму стратегиясындағы маңызды элемент бола алатындығын талқылады.
- «Соңғы кездері энергия тапшылығы туралы мәселе жиі қозғалып жүр. Жылдан-жылға халық санының көбеюі, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, жалпы экономиканың өсуі электр энергиясының тұтыну көлемін айтарлықтай арттырды. Сондықтан...
ЖЭО мен АЭС 1 ГВт электр энергиясын өндіргенде қанша тонна зиянды зат шығарады
Балқаш көлінен АЭС қажеттіліктері үшін жұмсалатын жылдық су ысырабы оның табиғи булануының шамамен 0,33 пайызына ғана тең. Бұл туралы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ядролық физика кафедрасының оқытушысы Амангелді Нұрлан айтты.
«Елімізде органикалық отынды жағу кезінде көмірқышқыл газы - 81,6 пайыз, метан - 12,4 пайыз және азоттың шала тотығы 5,6 пайыз бөлінеді. Бұл - зиянды заттар. Айталық, жылу электр...
«Бір ауыл -бір өнім» : Үйдегі ірімшік жасау өнері
Талдықорған қаласының тұрғыны көпбалалы ана Жанар Тұрғанбаева өз қолымен жасалған өнімдерімен танымал. Ол ірімшік өндірумен айналысады және өз өнімдерін «Бір ауыл - бір өнім» жәрмеңке - көрмесіне ұсынды.
Кәсіпкер өз өнімдерін алғашқы рет осыдан үш жыл бұрын қолға алған. Жанар кеңес алу және қолдауалу мақсатында «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінді. «Жетісу-баракат» ЖК ашып, сүт өнімдерін сәтті өндіруде. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен...
Өркениетке жол ашар шешім
Қаламқас Тұрдығұлова, Талдықорған қаласының тұрғыны, зейнеткер:
– Өркениетті елдердің қатарында болуымыз үшін биылғы жылы елімізде Атом стансасын салу туралы мәселе көтеріліп жатыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы орайда халыққа өз ойын білдіруге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Себебі, елімізде болған түрлі ядролық сынақтарды халқымыз әлі ұмыта қойған жоқ. Енді бейбіт атомның қаншалықты елімізге пайдасы барын толықтай түсінсін, ой елегінен...
Ел болашағын жарық етер жоба
Бүгінде Жасыл энергияны пайдалану дамыған елдерде қарқынды жүзеге асып жатыр. АЭС құрылысын жан-жақты зерттеген ғалымдар бірнеше саты қорғаныс қабатын қалыптастырған. Атом энергиясы арқылы еліміздің әл-ауқаты түзеліп, мыңдаған жұмыс орындары ашылып, жаңа маман иелерін дайындауға ықпал етеді деп ойлаймын. Қазақстан уран қоры жөнінен әлемде жетекші алдыңғы қатарда. Осы бар қорды ел игілігіне жұмсау керек. Атом электр станциясын салу біз үшін...





























