ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты шекара бөлімшелерінде «80 игі іс» іс-шарасы аясында сенбілік ұйымдастырылды
Аталған «80 игі іс» акциясы аясында алакөлдік шекара сақшылармен Ұлы Отан соғысының ардагері мен Шекара қызметінің зейнеткерінің үйлерінде сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында әскери қызметшілер аулаларды тазалап, аумақты ретке келтіріп, қажетті тұрмыстық көмектер көрсетті. Бұл шара – ардагерлерге деген құрмет пен тағзымның, жас буынның патриоттық тәрбиесін нығайтудың бір көрінісі болды.
Ардагерлер мен зейнеткерлер көрсетілген қамқорлық пен көңіл үшін ризашылықтарын білдіріп, шекарашыларға қызметтеріне табыс тіледі. Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























