Талдықорғанда JIB би фестивалі өтті

102
Дереккөз

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «JETYSU  INTERNATIONAL BATTLE» би фестивалі өтті.

Дереккөз

Жастар жылына орай ұйымдастырылған халықаралық би жарысына Германия, Франция, Италия сынды 10 мемлекеттен 50 команда  қатысты. Оларға Shorty, Kanon Akessa Raul-Xavier,  Bboy Stany The Real төрелік етті. Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Қаратас «Қаламызда еліміздің әр облысынан, әлемнің түкпір-түкпірінен заманауи би өнерін дамытып жүрген талапты әрі талантты жастар бас қосты. Мақсатымыз жастардың  шығармашылығын шыңдау, өнерпаздарды бір арнада тоғыстыру. Шара барысында меймандар ұлттық құндылықтарымыз, халқымыздың салт-дәстүрімен кеңінен танысты»-деді.

Дереккөз

Қатысушылар 7 бағыт бойынша сынға түсті. Нәтижесінде   алматылық «Almas&Alik» жұбы Францияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Франциядағы «Fusion Concept» фестивалінің менеджері Сlementine Marie Lusie Dagousswt  «Fusion Concept» әр елдің кәсіби деңгейі жоғары  бишілерін іріктейтін ауқымы кең шара. Бұған дейін бірнеше мемлекетте болдық. Әлемдік турдың соңғы кезеңі Қазақстанда өтті. Бұл жеңімпаздар үшін мол мүмкіндіктер алаңы болмақ.  Себебі, олар  өз таланттарын мейлінше көрсетіп, шеберлік сабақтарына қатысып, тәжірибе жинайды»-деп атап өтті.

Дереккөз
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK