БЕЙБІТШІЛІК, БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДІҢГЕГІ, ӘРІ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі
күнімен құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Достық пен тұрақтылықтың, өзара татулықтың белгісі болған бұл маңызды мемлекеттік мереке қай-қайсымыз үшін де ерекше қымбат.
Бейбітшілік, бірлік пен келісім біздің басты құндылығымыз және қашанда қастерлі бола бермек. Осы орайда 30 жылдық тәжірибесінде өзін теңдессіз қоғамдық институт ретінде қалыптастырған Қазақстан халқы...
Қазақстан халқының бірлігі күні тойланды
Мемлекетіміз түрі басқа болса да, тілегі бір, жүзі басқа болса да, жүрегі бір бірнеше ұлт өкілдерін бір арнада тоғыстыра білген бейбітшіліктің символы. Рухы биік қара шаңырағымыз қашанда татулық пен бірлікті басты байлық деп санаған. Талдықорғанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Көпшілікті мерекемен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады. -«Татулық пен тұрақтылықтың, береке мен бірліктің бастауы...
Азия Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен «Жетісу» әйелдер волейбол командасына Жетісу облысында құрмет көрсетілді
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғанда волейбол орталығына барып, Азия Чемпиондар лигасында алтын медальді жеңіп алған «Жетісу» әйелдер волейбол командасын жеңісімен құттықтады, - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
- Міне, бірлескен еңбектің, кәсібиліктеріңіз бен командалық берік рухтарыңыздың арқасында алдымен Қазақстан чемпионы атанып, ел чемпионаты мен Кубогын тоғызыншы рет, ал Суперкубокты төртінші рет жеңіп алдыңыздар. Оған қоса жуырда клуб тарихында тұңғыш рет Азия Чемпиондар...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі құтты болсын!
Бұл – мемлекетіміз үшін айрықша мәні бар мейрам.
Жұртымыз ортақ құндылықтарға негізделген жасампаз мақсаттарға жету жолында бар күш-жігерін жұмылдырып, болашаққа сеніммен қадам басып келеді. Кең байтақ жерімізде түрлі этнос өкілдері өзара келісімде, тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Осы бірегей ұйым әуел бастан еліміздегі бейбітшілік пен татулықтың жаршысына айналды. Ассамблея...
Алдағы мамыр мерекелерін қалай дұрыс ұйымдастыруға болады?
Облыс тұрғындары мен қонақтарын мамыр мерекелерімен құттықтай отырып, Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті табиғаттағы демалысты дұрыс жоспарлауға және өткізуге шақырады.
Біз бәріміз білеміз, көбінесе тамақтан уланудың жоғарылауы көктем-жаз мезгілінде байқалады, өйткені күн ыстықта тамақ тез бұзылады. Әрине, алдағы мамыр мерекелерінде көптеген адамдар демалуға, табиғатта, демалыс орындарында және басқа да орындарда уақыт өткізуге тырысады.
Демалу шынымен жақсы болуы үшін бірнеше маңызды жайттарды...
Дүниежүзілік қол гигиенасы күні
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен 2008 жылдан бері жыл сайын 5 мамырда Дүниежүзілік қол гигиенасы күні атап өтіледі. Бұл күн қол жууды насихаттауға арналған. Бұл күнді таңдаудың мағынасы символикалы: 5.5-екі қолдың бес саусағын білдіреді. Осы күнге орай қол жуудың денсаулыққа әсері туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін дүние жүзінде және елімізде әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Оның басты мақсаты – үйде де,...
Өндірістегі салауатты өмір салты
Жұмыс орнындағы денсаулық, қауіпсіздік және әл-ауқат – бұл барлық елдердегі жүздеген миллион адамдар үшін өзекті мәселе. Бұл еңбек өнімділігі, кәсіпорындардың, салалардың, ұлттық және өңірлік экономикалардың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығы тұрғысынан ерекше маңызға ие. Қызметкердің денсаулығы еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді және жоғары еңбек өнімділігіне тек толыққанды денсаулықпен ғана қол жеткізуге болады.
Қазақстанда 2020 жылы статистика мәліметтері бойынша 1,6 миллион кәсіпорын...
Қаңғыбас иттердің көптігі – қоғам үрейі
Ит – адамның досы, көмекшісі, жеті қазынаның бірі. Бірақ, елді мекендер көшелерінде босып жүрген, қаңғыбас иттер еркін топ құрып, өсіп-өніп, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Әсіресе, кішкентай балалар мен егде жастағыларға қиын. Адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіріп, үрей тудырып отырған – қаңғыбас иттер өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Иесіз иттер дене жарақатын салумен қатар аса қауіпті инфекциялық, инвазиялық...
ХҚКО мен МХҚКО мамыр айындағы мерекелік күндерде қалай жұмыс істейді?
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамыр айындағы мерекелік күндерге орай жұмыс кестесін хабарлайды.
ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар 1,7,9 мамыр күндері жұмыс істемейді.
3 және 10 мамыр, яғни сенбі күндері кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күндері халыққа қызмет көрсету орталықтары 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді, мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді...
«Қызмет 109»: 30-дан астам бағыт бойынша өтініштерді қабылдайды
Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру — бұл жай ғана үрдіс емес, бұл уақыт пен азаматтардың үмітіне сай туындаған қажеттілік. «Smart City» тұжырымдамасы аясында 2022 жылдан бастап Жетісу облысында «Қызмет 109» Бірыңғай байланыс орталығы жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба халық пен мемлекеттік құрылымдар арасында тиімді, ашық және жедел коммуникацияны қамтамасыз етуге бағытталған.
Байланыс орталығы — коммуналдық және әлеуметтік сипаттағы мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін...




























