Қаңғыбас иттердің көптігі – қоғам үрейі

243

Ит – адамның досы, көмекшісі, жеті қазынаның бірі. Бірақ, елді мекендер көшелерінде босып жүрген, қаңғыбас иттер еркін топ құрып,  өсіп-өніп, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Әсіресе, кішкентай балалар мен егде жастағыларға қиын. Адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіріп, үрей тудырып отырған – қаңғыбас иттер өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Иесіз иттер дене жарақатын салумен қатар аса қауіпті инфекциялық, инвазиялық аурулардың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Сондықтан иесі жоқ иттер аулануда.

Ең алдымен: — «Қаңғыбас бос жүрген иттер қайдан шығады десек?» Ол жануарлар иесінің дұрыс қарамауынан, итті бос жіберуінен, жауапсыздық салдарынан. Тағы бір назар аударатын жайт, иттер жылына екі рет туады. Сонда олар жылына 8-10 күшікке дейін көбейтеді екен. Қаңғыбас иттердің саны да осындай жағдайдан кейін өсе түседі. Итті күшігімен тұрғын үйлер жанындағы қоқыс жәшіктердің жанына тастап кететіндер баршылық. Күшіктердің еркегін асырап алып, ұрғашысын қаңғытып жібереді. Ол күшік қоқыс аралап жүріп өсіп, қаңғыбас иттер қатарына қосылады.

Тұрғындардың ит-мысықтарды асырау талаптарына салғырт қарауы, заң талаптарын білмеуі, оны орындамауы, салғырттыққа салынуы опық жегізуі әбден ықтимал. Кейбіреулердің қолдағы асырап отырған иті «жартылай қаңғыбас» санатына жатады деп айтуға болады. Ол дегеніміз, иттің нақты иесі бар, тамақтандырып асырайды, бірақ байламайды, қадағаламайды, қараусыз.

Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртібі Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 31 шілдедегі № 51-257  шешімімен бекітілген «Алматы облысында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою Қағидаларын бекіту туралы» нақты көрсетіліп, белгіленген. Оның 2 тарауының 6,7 тармақтарына сай, иттер мен мысықтардың иелері қалалық немесе аудандық мемлекеттік ветеринариялық станциясынан итке, мысыққа ветеринарлық паспортты алу арқылы тіркеу рәсімін өткізуі қажет. Тіркелген ит пен мысық ғана иесінің меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады. Тек иелері санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды, сондайақ, ветеринариялық қағидаларды, ветеринарлық нормативтерді сақтауы шарт. Жеке тұрғын үйлер, жеке құрылыстар аумақтарында иттердің қашып кетуін, адамдарға және жануарларға шабуыл жасауын болдырмайтын жағдайларда иттерді оқшау аумақта және (немесе) байлап асырау қажет. Егер аумақта ит күзеті болса, иттің аумақта бар екендігі туралы аумаққа кіреберісте иттің бейнесі салынған, «Ит күзетеді! Охраняется собакой!» деген жазба жазылған, көлемі 20х30 сантиметрден кем емес ескерту тақташасымен хабарланады.

Иесінің үй жануарларын одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда, олар ие болуға келіскен басқа адамға берілуі мүмкін немесе қаңғыбас жануарларды ұстау мен аулауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымға (ветеринариялық станция, пункт) тапсырылуы керек. Адамдар көп жиналатын орындарда және басқа қоғамдық жерлерде иттер қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұсталуы тиіс. Тек қоршалған серуендету орындарында, сонымен қатар алаңқайларда, адамдар жоқ кезде ғана иттерді тізгіннен жіберуге рұқсат етіледі. Мас күйдегі тұлғалар мен 16 жасқа толмаған балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық жерлерде жүруге тиым салынған.

Сонымен қатар жануарларды қарау кезінде тыйым салынады: жануарды ұрып-соғу, азаптау, оның ішінде аштық, шөлдеу және жануардың өліміне, мертігуіне немесе денсаулығына өзге де зиян келтіруге әкеп соққан немесе әкелуі мүмкін жануарды бөлшектеу, күйдіру, суға батыру, тұншықтыру, сою арқылы өзге де күш қолдану әрекеттері. Ауырсынуды басатын препараттар мен анестетиктерді қолдану жануардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, жануарларға тиісті құралдарды міндетті түрде қолданбай, жансыздандыруды немесе анестезияны қолдану көрсетілген ветеринариялық және өзге де рәсімдерді жүргізу. Иттер мен мысықтарды оларды тамаққа пайдалану, сою немесе мертігу немесе денсаулыққа өзге де зиян келтіру жолымен осы жануарлардан өнім мен шикізат алу үшін өсіру, ұстау, пайдалану.

Заң ережелерін бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Облыстардың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттер мен мысықтарды асырау мен серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу – ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады.

«Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММсі

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз