Ғасырлар қойнауынан жеткен үн

55
Дереккөз

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен  халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Ғасырлар үні»  III облыстық фольклорлы-этнографиялық ансамбльдер  байқауы өтті.

Дереккөз

Байқаудың мақсаты — ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттау,  барлық аудандарда фольклорлық топтар құрып, ансамбль жұмысын жандандыру, өнер ұжымдары арасында шығармашылық байланыс орнату.  Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбекова «Аталмыш шараны фольклорлық шығармаларды, халық әндерін ансамбльмен орындау шеберлігін дамыта отырып, жаңа есімдерді анықтау және оларға жан-жақты қолдау көрсету бағытында  ұйымдастырамыз. Сайыс барысында өнерпаздар өзара тәжірибе алмасып, төл өнеріміздің дамуына өзіндік үлестерін қосуда деп ойлаймыз»-деп атап өтті.

Дереккөз

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында ұйымдастырылған байқауға жиырмаға жуық ансамбль қатысты. Олар ғасырлар қойнауынан жеткен халық әндерін шырқап, күмбірлете күй шертті. Нәтижесінде бас жүлдені Кербұлақ ауданынан келген «Күреңбел» фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблі иеленді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK