Облыс тұрғындары мен қонақтарын мамыр мерекелерімен құттықтай отырып, Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті табиғаттағы демалысты дұрыс жоспарлауға және өткізуге шақырады.
Біз бәріміз білеміз, көбінесе тамақтан уланудың жоғарылауы көктем-жаз мезгілінде байқалады, өйткені күн ыстықта тамақ тез бұзылады. Әрине, алдағы мамыр мерекелерінде көптеген адамдар демалуға, табиғатта, демалыс орындарында және басқа да орындарда уақыт өткізуге тырысады.
Демалу шынымен жақсы болуы үшін бірнеше маңызды жайттарды ескеру қажет:
• Азық-түлік өнімдерін тұрақты сауда объектілерінен сатып алыңыз, тиісті таңбалаусыз, шығу тегі белгісіз, белгіленбеген орындардан азық-түлік сатып алмаңыз.
• Өнімнің жасалған күні мен жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.
• Кәуапты даярлау үшін еттің сапасын мұқият тексеріңіз, өйткені мерекелік дүрбелең кезінде жосықсыз сатушылар жатып қалған етті сатуға тырысуы мүмкін.
• Егер Сіз пластикалық ыдыста маринадталған дайын кәуап сатып алсаңыз, қақпақ сәл ойыс болуы керек және ешқандай жағдайда ісінбеуі керек, сонымен қатар өндірілген күніне қарау керек. Маринадталған етті сату мерзімі маринадтың түріне байланысты. Мысалы, сірке-лимон маринадтары үш күн бойы сақталады, майонез-кілегей немесе айран маринадының сақтау уақыты қысқа, бір тәуліктен аспайды.
• Азық-түлікті тасымалдау мен сақтауды ескеру керек, мүмкіндігінше тоңазытқыш сөмкелерде сақтаңыз.
• Пикникке тез бұзылатын тамақ өнімдерін әкелмеңіз.
• Бөтелкедегі немесе қайнатылған суды тұтыныңыз.
• Пластикалық контейнерлердегі тамақтарды жәндіктер мен кеміргіштер түсіп кетпеу үшін жабыңыз.
• Көкөністер мен жемістерді үйде алдын ала шайып, таза ыдысқа салыңыз. Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз.
Осы қарапайым нұсқауларды басшылыққа ала отырып, Сіз өзіңізді және жақындарыңызды қауіптен сақтай аласыз және мамыр мерекелерін тек денсаулыққа пайдалы өткізе аласыз!
Самат Ахметов,
Жетісу облысы СЭБД басшысының орынбасары





























