«Нұр Жолы» шекаралық бақылау бөлімінде сенбілік өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасына қарасты “Нұр Жолы” шекаралық бақылау бөлімінде «Жасыл ел» акциясы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында бөлімнің әскери қызметшілері ескерткіштер орналасқан аумақты қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сенбіліктің басты мақсаты - ардагерлерге деген құрметті паш етіп, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен тарихи жадыны...
Шекарашылар көшет отырғызды
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департамент Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының 60 жылдық мерейтойына орай «Арасан» шекара бөлімшесінің аумағында ағаш көшеттерін отырғызу шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты - табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және жас буынға патриоттық тәрбие беру. Бұл бастама шекарашылардың туған елге деген сүйіспеншілігін, ел шебін күзетумен қатар, табиғатты аялауға да үлес қосатынын көрсетті.
Шараға бөлімше жеке құрамы,...
80 игі іс. Зейнеткерлерге арналған сенбілік
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты шекара бөлімшелерінде «80 игі іс» іс-шарасы аясында сенбілік ұйымдастырылды
Аталған «80 игі іс» акциясы аясында алакөлдік шекара сақшылармен Ұлы Отан соғысының ардагері мен Шекара қызметінің зейнеткерінің үйлерінде сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында әскери қызметшілер аулаларды тазалап, аумақты ретке келтіріп, қажетті тұрмыстық көмектер көрсетті. Бұл шара – ардагерлерге...
Жеңіс күніне орай патриоттық іс-шара ұйымдастырылды
Текелі қаласында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобының жеке құрамы Ұлы Отан соғысының құрметіне арналған мемориал аумағында сенбілік өткізді.
Іс-шара барысында мемориал маңы абаттандырылып, аумақ толықтай тазартылды. Сонымен қатар, мемориал аумағында орналасқан шекара белгісі, Мемлекеттік Ту және Шекара Туының ұстама бөлшектеріне жеңілдетілген жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жарық шамдары да...
Сыр мен сап. Подполковник Манарбек Қарекеновтің шығармашылық кеші
Мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде табанды еңбек етіп жүрген офицерлердің шығармашылық қабілеттерін таныту - үлкен рухани құндылық. Осындай игі шаралардың бірі жақында ҚР ҰҚК Шекара академиясында өтті. Кеш ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің консультанты, әскери журналист, подполковник Манарбек Қарекеновтің шығармашылығына арналды.
Шара барысында Манарбек Айдынғалиұлы оқырмандарымен және жас курсанттармен жүздесіп, өзінің жүрек тебірентер өлеңдері мен терең ойлы поэмаларынан...
Абай Құнанбайұлына – 180 жыл. Ұлттық құндылықты дәріптеу
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Радиотехникалық бақылау пунктінде қазақтың ұлы ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған танымдық сабақ өтті.
Іс-шараны Мемлекеттік тіл басқармасының қызметкерлері Қ.Барат пен Б.Асубаева ұйымдастырды. Танымдық сабақ барысында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесі кеңінен талқыланды. Қатысушылар ақынның өлеңдерінен үзінділер оқып, қара сөздерінің тәрбиелік...
Кітап-рухани қазына
Кітап күні — бұл тек оқырмандар мерекесі емес, сонымен бірге білімге, даналыққа, рухани байлыққа деген құрметтің белгісі. Бұл күн – адамдарды кітап оқуға шабыттандыру, ұмытылмас әдеби мұраларды насихаттау, сонымен қатар жас ұрпақтың бойында оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында аталып өтеді.
📚 Кітап – мәңгілік қазына. Ол уақыт пен кеңістіктен тыс өмір сүреді. Бір кітап бір адамның өмірін өзгертіп, бағыт-бағдар беруі мүмкін.
📖...
«Ұлттық кітап күніне» орай «Кітап – мәңгілік мұра» атты кітап жәрмеңкесі өтті
Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап – мәңгілік мұра» атты кітап жәрмеңкесі өтті. Бұл мәдени іс-шараның басты мақсаты – әдеби оқылымдардың мәртебесін көтеру, қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыру және Жетісу өңіріндегі қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен насихаттау.
Шара аясында ел назарын аударған маңызды сәттердің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбайдың жәрмеңкеге арнайы қатысуы болды. Ол...
Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады — Президент
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 23 сәуір — Ұлттық кітап күнімен құттықтады.
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
— Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір — Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады, — деді Руслан Желдібай.
Мемлекет басшысы өз құттықтауында...
«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың ыстық асы енді цифрлық бақылауда
Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе сынақтан өтуде. Бұл жүйе 5–11 сыныптарда әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына берілетін тегін ыстық тамақтың әділ әрі ашық түрде таратылуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – ата-аналардан ешқандай қағаз құжат жинаудың қажеті жоқ. Қолдау алу құқығы мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде анықталады.
«Әлеуметтік әмиян» цифрлық шешімі мемлекеттік...





























