ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасына қарасты “Нұр Жолы” шекаралық бақылау бөлімінде «Жасыл ел» акциясы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында бөлімнің әскери қызметшілері ескерткіштер орналасқан аумақты қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Сенбіліктің басты мақсаты — ардагерлерге деген құрметті паш етіп, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен тарихи жадыны сақтау құндылықтарын сіңіру.
Мұндай игі бастамалар әскери ұжымдар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып қана қоймай, өткенге тағзым ету арқылы патриоттық рухты нығайтатыны сөзсіз.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























