Ата – аналар мектептегі тамақ сапасын бақылауға ниетті
Әр ата-ана мектепте балалары қалай тамақтанып жүргендігін білгісі келеді. Бұл ретте, «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры әлеуметтік мониторингтің қорытындысын жариялады. Аталмыш қоғамдық қор белсенді азаматтардың бастамасымен құрылды. Оның жобалары мен бастамалары кәсіпорындардағы қауіпсіздік техникасын сақтау, мектептегі тамақ сапасын бақылау, жол сапасын тексеру секілді маңызды мәселелерге арналған.
Сауалнама барысында, мемлекеттік мектептерде оқитын балалардың ата – аналарының тек 53% ғана мектептегі тамақтану...
Алаяқтық құрбаны болмаңыз
Өңірдегі интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларымен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Текесбай Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте таныстырды. Қазіргі таңда алаяқтық мүлікке бағытталған ең көп таралған қылмыстардың бірі болып табылады.
Спикер атап өткендей, интернет-алаяқтық, мобильді төлемдерді бұзу және жалған банктік карталарды қолдану арқылы ақша ұрлау – кең тараған қылмыс түрлеріне...
Жетісу облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту
Облыс аумағында 1046 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде стадиондар, спорт сарайлары, бассейндер, теннис корттары және шаңғы базалары бар. Ауылдық жерлерде 700 елді мекен спорт нысандарын қолдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дидар Орынтай айтты.
Спорт залдарының тапшылығын жою үшін 9 жаңа нысанның құрылысына 3,7 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы...
Жетісу аумағында жолдардағы қауіпсіздікті арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде
Жыл басынан бері 49 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Алайда осы шараларға қарамастан, жыл басынан бері 596 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 120 адам қайтыс болып, 876 адам жарақат алды. Ең қауіпті жол «Алматы-Өскемен» автожолында өткен жылмен салыстырғанда қаза тапқандар саны 11-ден 16-ға дейін өсті.
Жетісу облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметовтің айтуынша, алдағы уақытта полиция жасырын патрульдеу...





























