Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарына енді eGov.kz арқылы онлайн түрде түсуге болады

183

Порталда әскери жоғары оқу орындарына түсуге өтініш беру бойынша электрондық қызмет қолжетімді. Барлық үдеріс толықтай онлайн өтеді: өтініш беруден бастап нәтижені Жеке кабинеттен алғанға дейін. Жүйе шектеулер мен соттылықты тексереді. Егер адам сотталмаған болса, жауап 10 минуттың ішінде келеді.

❗ ҚР ҰҚК тексеру үшін № 075 нысанды анықтаманы алдын ала алу және өмірбаянын дайындау ұсынылады. Көптеген деректер (мекенжай, фотосурет, туыстық мәліметтер) мемлекеттік жүйелерден автоматты түрде жүктеледі, қалғанын қолмен қосуға болады.

✅ Ұшқыш мамандықтары үшін куәландыруға дейін 30 күннен кешіктірмей алынған медициналық қорытынды талап етіледі.

📬 Нәтиже Жеке кабинетке келеді. Қызмет көрсету мерзімі — 200 күнге дейін.

📄 Толық ақпарат пен құжаттар тізімі eGov.kz порталында қолжетімді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз