Шекарашылар ардагердің үйіне барды

250

Талдықорған қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеубай Шектібаев ақсақалдың үйіне ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Оқу-жаттығу үйрету кавалериялық тобының шекарашылары арнайы барып, ақсақалдың хал-жағдайын білді.
Шекара сақшылары ардагерге сый-сияпат көрсетіп, оның ерен ерлігі мен елге сіңірген еңбегіне алғыстарын білдірді. Шара барысында ардагермен жылы әңгіме өрбітіп, майдандағы естеліктеріне құлақ түрді.
Мұндай кездесулер – жас буынға патриоттық тәрбие беріп, аға ұрпақтың ерлігін ұлықтайтыны сөзсіз.

                                    ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз