Талдықорғанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Облыс орталығы Талдықорған қаласында қала әкімдігінің бастамасымен және Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен «Әлеуметтік базарда» облыстық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Ақсу, Ескелді, Кербұлақ, Қаратал және Көксу аудандары мен қатар Талдықорған, Текелі қалаларының және «Жетісу» АК АӨК қатысты. Онда 30 тоннадан астам 50 түрлі азық-түлік тауары қала тұрғындарына саудаланды. Жалпы осындай ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізудің басты мақсаты бағаны тұрақтандыру...
Биыл Жетісуда облыстық деңгейдегі 193 шақырым жол жөнделіп бітеді
Биыл Жетісуда облыстық деңгейдегі 193 шақырым жол мен 54 елді мекеннің ішкі жолдары жөнделіп бітеді. Сол қатарда аудан орталығы мен ауылдардың арасын қосатын жолдар, ауылдардың кірме жолдары, көпірлер, ауылішілік жолдар бар. Осылайша 2024 жылдың соңына қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті автомобиль жолдарының үлесі 94% жеткізіледі.
Мәселен, Қаратал ауданында отыз жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген шалғайдағы Көпбірлік ауылына апаратын жолға...
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісу облысында тазалық акциялары жалғасуда
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы басталған уақыттан бері тазалық акцияларына, тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерін вандализм іздерінен тазарту іс-шараларына жалпы саны 251 мыңнан астам адам атсалысты. Атап айтқанда, кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, волонтерлар, жастар, шағын және орта бизнес өкілдері, жалпы облыс тұрғындары белсене қатысты.
Бүгін, 29 қарашада облыс жастары Талдықорған қаласының Өтенай ауылында «ЭКОквест» экологиялық квест ойынын...
Экологиялық ахуалды жақсарту- алдымызда тұрған міндеттің бірі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауында: «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек»,- деп атап көрсетті.
Осылайша қоғамда қоршаған ортаны дәріптеу, халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау мәселесіне мән берілуде. Бұл ретте «Таза Қазақстан» экоакциясы еліміз бойынша қолға алынды.
Баршаңызға мәлім, елімізде...
Қалада салынатын жаңа аудандардың жобасы таныстырылды
Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл әсем қаламызда бой көтергелі жатқан жаңа шағын аудандардың жобалардың дайындық барысын көру үшін жауапты мердігер ұйымның өкілін қабылдады.
Онда жобаны жасаған «Бақытжан» компаниясы қала әкіміне іргетасы қаланғалы жатқан Қаратал өзенінің оң жағалауымен қатар, 11,12,13 шағын аудандарында заманауи үлгіде салынатын нысандар бойынша сызбаларымен таныстырып жоба жайында толығырақ баян етті.
Аталмыш аудан 210 гектар болатын аумақта бой түземек....
ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті
Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты туралы ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтті.
Саммитке Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон келді. Сонымен қатар сессия жұмысына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Бас хатшысы Сергей Лебедев пен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин қатысты.
Мемлекет басшысы сессия жұмысын ашып,...
МӘМС жүйесіндегі балалар: Жетісу облысы мектептерінің оқушыларымен ауқымды түсіндіру жұмысы жүргізілді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалы мектеп бітіруші түлектермен кездесті.
Кездесудің мақсаты – оқушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын, оқушылардың құқықтарын, сондай-ақ мектеп бітіргеннен кейін «сақтандырылған» мәртебесін сақтап қалу жолдарымен таныстыру.
Қор филиалының сарапшылары оқушыларға МӘМС жүйесінің жұмыс істеу механизмдері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Айта кетейік, 18 жасқа дейінгі балалар жеңілдіксанатына кіреді. МӘМС туралы Заңға сәйкес, мемлекет кәмелетке...
Астанада ҚазжолҒЗИ-дің 65 жылдығына арналған «Болашақтың жолдары» конференциясы өз жұмысын бастады
Елордадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында «Болашақтың жолдары» атты Орталық Азия халықаралық конференциясы басталды. Бұл маңызды іс-шара «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ (ҚазжолҒЗИ) 65 жылдығына орайластырылып, әлемнің 20 елінен сарапшылар, ғалымдар мен ресми тұлғалардың басын қосты.
Пленарлық сессияда институт ұжымын Көлік министрі Марат Қарабаев, Дүниежүзілік жол қауымдастығы (Piarc) Бас хатшысының орынбасары Мигель Касо Флорес және Корея жол қауымдастығының вице-президенті Хи Чул...
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің шағын құрамдағы сессиясына қатысты
Сессия отырысына Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі құрылымдардың біріне айналғанын атап өтті.
қатерлер жағдайында ұйымға мүше барлық елдер үшін қауіпсіздік кепілі ретінде өзінің қажет екенін көрсетіп отыр. Біздің...
Қазақстан мен Ресей президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путиннің мемлекеттік сапарын екі ел қарым-қатынасының дамуындағы маңызды кезеңге жол ашатын тарихи оқиға деп атады.
– Ресей – Қазақстанның стратегиялық серіктесі әрі сенімді одақтасы. Бізді мызғымас достық байланыстар, ғасырларға ұласқан тату көршілік қатынас және ортақ тарих біріктіреді. Мемлекеттеріміз осынау мәңгілік құндылықтарға арқа сүйей отырып, келешекті көздеген мазмұнды ықпалдастықты жолға қойды. Бүгінде Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығы...




























