Тәртіп өзіңнен басталады

282

Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі, «Қос Қанат Жетісу» ҚБ   ұйымдастыруымен АИТВ-инфекциясының алдын алу мен оған қарсы күрес, профилактикалық шаралар  негізінде түсіндіру жұмыстары бойынша жасөспірімдер арасында  «АИТВ / ЖИТС – білу және қорықпау!»  атты акция өтті.

«Талдықорған қаласындағы алаяқтықтың, интернет-алаяқтықтың, лудоманияның, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды өткізу» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберіндегі аталмыш шараға қаламыздағы арнаулы білім беру мекемелерінің білімгерлері қатысты. Олар медициналық сауаттылық (қажетті дағдылар мен білімді меңгеру) пен ақпараттандырудың маңыздылығын, жас ұрпақтың өз денсаулығы үшін  жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылады. «Қос Қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігінің басшысы Елена Радионова инфекцияның пайда болу жолы мен салдары, қауіп факторлары, жалпы салауатты өмір салтын ұстанудың құндылығы жөнінде толыққанды ақпарат беріп, белсенділік танытқан жандарға алғысын білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз