Жерлестеріміз гэпплинг күресінен Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарды. 25 мемлекет, 800-ден астам спортшы бақ сынаған дүбірлі додадаға Алматы облысының саңлақтары да барған болатын. Аталмыш сайыста Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 2 орынға табан тіреді, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде облыстық спорт басқармасының өкілдері, 1 МБЖСМ спорт мектебінің ұжымы, ата-аналар мен белсенді жастар күтіп алды.

Әлем чемпионатының екі күндік қорытындысы бойынша 12-13 жас балалар арасында: 34 келі салмақта Кенжебай Дарын 1 орын, Госс Тимур — 2 орын.
14-15 жас аралығында: Жұматай Нұр 47 келі салмақта 3 орын.
Нұртаза Дарын 76 келі салмақта 3 орын.
16-17 жас кадеттер арасында: 54 келі салмақта Ақажан Ақжан 1 орын. Жақсылық Шерхан 69 келі салмақта 3 орын.
18-19 жас аралығындағы жастар арасында:
Елдосқызы Ботакөз 58 келі салмақта 1 орын.
Қанатбек Аслан 58 келі салмақта 3 орын.
Қасымов Тарлан 66 келі салмақта 3 орын.

Мырзалинов Нұрбек 3 орындыды (екі қола медаль) иеленді.

Жалпы, жарысқа Жетісудан барған қыз жігіттердің барлығы жүлдеге ие болды. Әлемді бағындырған палуандарды және олардың бапкерлері Усабаев Айдос пен Сағадиев Елдосты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK