Білім беру саласының көшбасшылары Астанада бас қосады
Елордада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының халықаралық XIV NIS Conference 2025 конференциясы өтеді.
Биылғы жиынның тақырыбы – «Цифрлық дәуірдегі мектеп білімі: басты трендтер мен талаптар».
Конференция педагогтер, зерттеушілер мен білім беру саласының жетекші мамандарын біріктіретін ірі кәсіби алаңға айналады. АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Финляндия, Аустралия, Гонконг сияқты елдердің сарапшылары, сондай-ақ қазақстандық мектептер, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері...
ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен волонтёрлердің рөлі
Соңғы жылдардағы ірі төтенше жағдайлар азаматтық қоғамның, атап айтқанда, еріктілер мен волонтёрлердің төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жүйесіндегі рөлінің маңыздылығын айқын көрсетті.
Бүгінгі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі 47 мыңға жуық еріктіні біріктіретін 136 волонтёрлік ұйыммен өзара ынтымақтастық орнатқан.
Еріктілер кәсіби құтқарушылар мен өрт сөндірушілер үшін нақты көмекке айналуда. Бұл әсіресе жастар арасында өзекті, себебі волонтёрлік ұйымдар болашақтағы ТЖ саласының кадрлық резервін...
Талдықорған төрінде рухты оятқан майдан әндері шырқалды
Жеңістің 80 жылдығына арналған тағы бір ауқымды шара Ардагерлер саябағында Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен Өтенай ауылындағы Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өтті. «Тағзым» атты соғыс жылдарындағы ән байқауының ақтық кезеңіне 18 үміткер қатысты. Зейнет жасындағы өнерпаздар өз өнерлерімен көрерменнің жүрегін тебірентіп, Жеңіске деген құрметін әнмен жеткізді.
Ән додасының ақтық кезеңінде өнер көрсеткен 18 үміткердің 4-еуі –ансамбль, 2 дуэт және 12 жеке дауыста...
Қазақстанның Энергетика министрлігі 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысын шығарып, елдегі газбен қамту жүйесінің тұрақты жұмысын және табиғи газ тұтыну көлемінің артқанын атап өтті
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Вице-министр Әлібек Жамауовтың төрағалығымен 2024–2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің өту қорытындылары және алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары бойынша кеңес өтті.
Кеңеске «QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директоры Бауыржан Аскаров қатысты. Маусым қорытындысы бойынша елдің газ тасымалдау және газ тарату жүйелері тұтынушыларды тұрақты әрі үздіксіз газбен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта алдағы жылыту маусымына дайындық басталып кеткен. 2025 жылдың қаңтарында,...
Қазақстан жұмысшы кадрларды даярлауда әлемдік деңгейге шықты: 10 колледж халықаралық тәжірибе алмасуда
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қазақстандық колледждерді интернационалдандыру жүргізілуде. Бұл – ТжКБ жүйесін трансформациялаудағы басым бағыттардың бірі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
📍 Қазіргі уақытта салалық ведомство шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізуде. Олардың қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Франция секілді елдердің жетекші білім беру ұйымдары мен кәсіпорындары бар. Ынтымақтастық аясында академиялық ұтқырлыққа, тағылымдама мен тәжірибе алмасу бағдарламаларына, халықаралық...
MХҚКО-ларда жеке тұлғаны сәйкестендіру процесі автоматтандырылды
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін биометриялық сәйкестендіру технологиясы енгізілді.
Бұған дейін мамандандырылған ХҚКО-ларда азаматтарды сәйкестендіруді қызмет алушы ұсынған құжат негізінде қызметкер жүзеге асыратын. Енді рәсімдеу барысында азаматтың түрі суретке түсіріледі, одан кейін оны жүйе автоматты түрде жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында сақталған суретпен салыстырады. Бұл қызмет...
Адал еңбек пен кең пейіл тоғыстырған
Сан түрлі этностың басы қосылған қазақ жері татулық пен бірліктің ұясындай құтты мекен. Қазақстанды Отаным деп танитын, әр түйір топырағы мен тасын қадірлейтін, осы елде ғұмыр кешіп жатқанын мақтан тұтатын әр азаматтың тілегі түзу, пейілі оң.
Ел алдында ерекшеленуді қаламайтын, шаңырақтарының бақ-берекесін бағалайтын, түсіністік пен сыйластықты сырлы сезімдерінің тірегі санайтын Наиль Боранбаев пен Надежда Петряниктің отбасы осындай үлгілі жұп. 2018...
Он саусағынан өнер тамған
Өмірде өз еңбегін бұлдамайтын адамдар көп. Олар атақ, абырой қумай-ақ өзі тұрған мекеннің қадірі мен қасиетін қашырмай, адал еңбегімен ас табады. Қоғамға қосқан үлесі мол болса да тірі жанға тіс жарып, «көптің көзіне түсіп қалайын» деп тыраштанбайды. Бұл нағыз еңбек адамына тән қасиет. Сондай жанның бірі Ескелді ауданының Сырымбет ауылында тұрады. Ол он саусағынан өнер тамған, ұзақ жыл ағаштан...
Қазақстан жер қойнауын геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасының ауқымды кезеңін аяқтады: инвестиция мен тұрақты дамудың жаңа перспективалары анықталды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінде Жер қойнауын геологиялық-геофизикалық зерттеудің 2019-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары шығарылды. Алты жыл ішінде 2,014 млн ш. м. аумақты қамтитын геологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Бұл жоспарланған аумақтың 91,6% құрайды.
Бағдарламаның мақсаты – 2026 жылға қарай ел аумағын геологиялық тұрғыдан толық қамту, жер қойнауының инвестициялық тартымдылығын арттыру және минералдық-шикізат кешенін тұрақты дамытудың...
Отан қорғау- қасиетті борыш
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шара және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Іс-шара шекара қызметінің ардагерлерін құрметтеуден басталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарған әскери қызметшілерге марапаттар табысталып, бірқатар офицерлер мен келісімшарт қызметкерлері алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
Салтанатты жиында департамент басшылығы жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, Отан алдындағы борышын адал атқарып жүрген...





























