ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шара және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Іс-шара шекара қызметінің ардагерлерін құрметтеуден басталды. Қызметтік міндеттерін адал атқарған әскери қызметшілерге марапаттар табысталып, бірқатар офицерлер мен келісімшарт қызметкерлері алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.
Салтанатты жиында департамент басшылығы жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, Отан алдындағы борышын адал атқарып жүрген әскери қызметшілердің еңбегіне жоғары баға берді. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан боздақтар мен елге жеңіспен оралған ардагерлердің рухына тағзым білдірілді.
Мерекелік кеш барысында патриоттық әндер шырқалып, әскери-патриоттық тақырыптағы театрландырылған көріністер қойылды. Жергілікті өнерпаздар мен шекара саұшылары дайындаған концерттік бағдарлама көрермендердің көңілінен шықты.
Аталған іс-шара жас буынның бойында патриоттық сезімді арттырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен қызметке деген жауапкершілікті нығайта түсті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























