Талдықорған төрінде рухты оятқан  майдан әндері  шырқалды

347

Жеңістің 80 жылдығына арналған тағы бір ауқымды шара Ардагерлер саябағында Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен Өтенай ауылындағы Мәдениет үйінің  ұйымдастыруымен өтті. «Тағзым» атты соғыс жылдарындағы ән  байқауының ақтық кезеңіне  18 үміткер  қатысты. Зейнет жасындағы өнерпаздар өз өнерлерімен көрерменнің жүрегін тебірентіп, Жеңіске деген құрметін әнмен жеткізді.

 Ән додасының ақтық кезеңінде өнер көрсеткен 18 үміткердің 4-еуі –ансамбль, 2 дуэт және 12 жеке дауыста орындаушылар. Байқауға жас мөлшері 50-ден жоғары қала өнерпаздары қатысты.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың негізгі мақсаты —  зейнеткерлік жастағы қатысушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, орындаушылық шеберліктерін арттыру, өнерді насихаттау, соғыс жылдарындағы әндерге рухани-эстетикалық және патриоттық тұрғыда қолдау көрсету болып табылады.  Сондай-ақ, қазіргі жас өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, ата-бабаларымыздың ерлігін, қан майданда шайқасқан жанқиярлық ерліктерін паш ету, ұмыттырмау.

Қорытынды шараға келгендердің қарасы көп болды.  «Сұлу саз» әжелер тобының құрылғанына биыл 5 жыл толыпты. Топтың солисі Күланда Шабанбайқызының айтуынша, Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқауға  алдымен онлайн іріктеу өткен. Бұл топ құрамындағы  әжелердің  жасының  алды 70-те болса, үлкендері 80-ге келді.  Әжелер хор, вокал, жеке дауыста халық әндерін, қазақ композиторларының шығармаларын орындап, көрермен қошеметіне бөленуде.

 Байқау шарты бойынша әр қатысушы соғыс жылдарының әндері, Қазақстан композиторларының соғыс, қаҺармандар мен ерліктері туралы патриоттық  орындады.  Қатысушылардың өнерін білікті өнер, мәдениет майталмандарынан құралған қазылар алқасы бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша, қазылар алқасының шешімімен, сонымен қатар көремендер қошеметіне ие болған «Алтын жас» хоры  жеңіске лайық деп танылды. Ал, 2-орынға «Ақ дариға» әжелер ансамблі  ие болса, 3-орынды халықтық  «Ардагерлер» ансамблі еншіледі.

Жеке дауыста Татьяна Николаева, Түйеші Ақсубай, Қарлығаш Абдырасыл жүлделі орындарды өзара бөлісті. Барлық қатысушыларға  диплом және бағалы сыйлықтар табысталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз