12.5 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 10 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 260

Жыл басынан бері 158 мыңға жуық адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 157,8 мың адам қамтылды, 143,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 106,3 мың адам жіберілді, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 9,6 мың адам, жастар практикасында 6,6 адам, қоғамдық жұмыстарда 78,3 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 11,1 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 680...

Ғасырдың экологиялық жобасы: Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Аралды сақтаудың екінші кезеңіне кірісті

Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахбамен кездесті. Кездесуде тараптар Солтүстік Арал теңізін сақтауға арналған жобаның екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі жобаның екінші кезеңіне қатысты техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Онда Көкарал бөгетін қайта жаңғырту және...

Тылдағы тағдыр: Жеңіс жолындағы мәңгілік үлес

Майданнан «Жеңіс» деген қуанышты хабар келді. Бұл жалғыз ауыз сөзді сағыныш пен үмітке толы барша қазақ даласы, ауыл-аймақ аңсады. 1941-1945 жылдар аралығы – талай тағдырдың сыналған, талай ананың көз жасы көл болған, сансыз сарбаздың сағы сынған кезеңі. Сол бір «Жеңіс» деген қасиетті сөз үшін қаншама адам күлкісін де, көз жасын да, қуанышын да, түнгі тыныштығын да, балалық шағы мен...

СУДАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

белгісіз және шомылуға арналмаған су қоймаларына; бір өзіңіз ғана жүзуден аулақ болыңыз; мас күйінде жүзуге болмайды; белгісіз төменгі рельефті жерлерде суға сүңгімеңіз; жүзуге шектелген белгілерден аспаңыз, техникалық және ескерту белгілерді, буйкаларды және басқа заттарды көтермеңіз; қозғалтқышы бар қайықтарға, жүзу кемесіне және басқа көлік құралдарына жақындамаңыз - бұл өте қауіпті; жағадан, мұнаралардан, трамвайдан жолдастарыңызды суға итермеңіз; өзіңізді шамадан тыс...

Көпұлтты қоғамдағы қақтығыстарды реттеуде БАҚ рөлі

Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жетекші журналистер мен сарапшылар клубының кезекті кеңейтілген отырысы өтті. «Көпұлтты қоғамдағы қақтығыстарды реттеуде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» атты кездесуге  өңірлік БАҚ өкілдері, сарапшылар, қоғамдық ұйым мүшелері және Ассамблея белсенділері қатысты. Іс-шараның мақсаты – этносаралық татулықты нығайтудағы медианың рөлін талқылау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауда бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын арттыру. Ең...

Жетісуда репродуктивті денсаулық апталығы өтуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев репродуктивті денсаулықты сақтау және нығайту мәселесіне ерекше көңіл бөліп, отбасы институтын күшейтуге бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Бұл бағыттағы нақты қадамдардың бірі ретінде Президенттің тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасын ерекше атап өтуге болады. Осы орайда жасөспірімдер мен жастар арасында репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру, жыныстық қатынасқа ерте түсу салдарлары, жыныстық жолмен...

Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.   Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, оның бұл сапары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретініне назар аударды. Президенттің айтуынша, Әмірліктер – еліміздің ең басты серіктестерінің бірі. Қос мемлекеттің мақсат-мүдделері бір-бірімен сәйкес келеді. 2023 жылы екі...

Аида Балаева қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады

Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жүрекке жылы мереке отыз жылдан астам уақыт бойы отбасы атты ең қастерлі құндылықты еске салып, насихат етіп келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен бекітілген бұл күн – әрбір адам үшін маңызды мәселелерге назар аударуға, яғни қамқорлық, қолдау, махаббат және балаларымыздың жарқын болашағы секілді ізгі құндылықтарды ұлықтауға мүмкіндік береді, — деді министр. Айтуынша, бүгінде...

 Электр қуатының шекті баға жобасы қаралды

"Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасмалдау компаниясы" акционерлік қоғамының «Электр қуатын жабдықтау және сату» филиалының хабарламасы негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2025 жылдың 13 мамырында қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі «Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» АҚ «Электр қуатын жабдықтау және сату» филиалы электр энергиясын бөлшек саудада өткізу (электрмен жабдықтау) қызметтеріне арналған...

Астанада қазақстандық өндірушілердің «Ulttyq ónim» атты ірі көрмесі өткізіледі

Ертең, 16 мамырда, Астанада EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің жылсайынғы VIII «Ulttyq ónim» көрмесі басталады. Іс-шара 18 мамырға дейін жалғасады. Қазақстанның барлық өңірінен 350 өндіруші өз өнімін ұсынады. Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстанда Үкіметтің қолдауымен «Даму» қорының бағдарламалары арқылы өндірілген тауарлардың алуан түрімен танысып, сатып ала алады. Көрмеде тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібінен бастап, машина жасау, жабдық, зергерлік бұйымға дейінгі түрлі өнім...