«Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасмалдау компаниясы» акционерлік қоғамының «Электр қуатын жабдықтау және сату» филиалының хабарламасы негізінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті 2025 жылдың 13 мамырында қоғамдық маңызы бар нарық субъектісі «Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» АҚ «Электр қуатын жабдықтау және сату» филиалы электр энергиясын бөлшек саудада өткізу (электрмен жабдықтау) қызметтеріне арналған шекті бағасының жобасын қарау жөнінде жария тыңдау өткізді.
2025 жылғы 25 сәуірдегі «Талдықорған акционерлік электр жүйелерінің тасымалдау компаниясы» АҚ-ның «Электр энергиясын жабдықтау және сату» филиалының хабарламасына сәйкес 2025 жылғы 1 маусымнан бастап электр энергиясына шекті бөлшек сауда бағасының өсуі туралы жоспарланып отырғаны хабарланғандықтан, орташа босату тарифі 1 кВт*сағ үшін 36,16 теңгені құрайды (ҚҚС-сыз) деп жоспарлануда.
Тарифтің өсуі негізінен желілік электр энергиясын беру, тарату қызметі шығындарының артуына, қызмет құнының ұлғаюына, нарықта жұмыс істеу шеңберінде «KEGOC» АҚ жүйелік операторы ұсынатын энергиясын теңгерімдеу қызметтеріне шығындардың артуы тәрізді факторларға байланысты болып отыр. Аталған өзгерістер шығындардың өсуі жағдайында энергиямен жабдықтаушы ұйымның сенімді, тұрақты электрмен жабдықтауын және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.





























