-7.8 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 15 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 247

ТОП-10: 2025 жылы қандай жұмысшы мамандарға сұраныс жоғары болады

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мәліметінше, сұранысы жоғары жұмысшы мамандықтардың алғашқы ондығының тізімі мынандай: 1. Жүк көлігінің жүргізушісі (21,8 мың адам немесе жалпы сұраныстың 5,4 пайызы); 2. Сантехниктер және құбыр салушылар (17,3 мың адам немесе жалпы сұраныстың 4,3 пайызы); 3. Дәнекерлеуші (15,6 мың адам немесе жалпы сұраныстың 3,9 пайызы); 4. Құрылысшылар бригадасының басшысы, бригадир (11,9 мың адам немесе жалпы сұраныстың 2,9 пайызы); 5. Автобус жүргізушісі...

Жұмысшы мамандықтары жылы: еліміз мектептерінде 1000 бейіндік сынып ашылады

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды.  Жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкімет Жұмысшы мамандықтарының жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітті, оған қоса Министрлік кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасын бекітті.  Іс-шаралар жоспары 7 бағыт пен 70 қадамды құрайды, оның ішінде өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, Жаңа...

Жетісу облысының колледждерінде биыл 14 жаңа мамандық ашылады

Ел Президентінің жұмысшы мамандықтар жылы жөніндегі бастамасы аясында Жетісу облысындағы колледждерде сұранысқа ие жаңа мамандықтарды ашу жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, өңірде «Жаңа мамандықтар атласы» бекітілді. Онда еңбек нарығы мен өңірдің экономикасын дамыту талаптары ескеріле отырып, 5 негізгі бағытқа – ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм индустриясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика және жаңартылатын энергия көздері салаларына бағдарланған. Мәселен, өткен оқу жылында өңірдің...

Талдықорғанда спорттық және көркем гимнастикаға арналған спорт кешені салынады

Талдықорған қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы орталық стадионды қайта жаңарту, волейболға арналған оқу-жаттығу спорт кешенін салу, сондай-ақ, «Жетісу» волейбол клубы үшін 4 қабатты жатақхана мен үстел теннисі орталығы ашылды. Биылғы жылы әсем әрі күрделі спорт түрлерінің бірі саналатын көркем және спорттық гимнастикаға арналған модульдік спорт кешені салынып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Бұл...

Талдықорғанда «Оңтүстік-Батыс» тұрғын ауданында жаңа кварталдық қазандықтың құрылысы басталды

Облыс орталығы Талдықорған қаласын сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар маңызды жобалар іске асырылуда. Қазіргі таңда қала бойынша 10 қазандық жұмыс істейді, оның ішінде қаланың 90%-ын жылумен қамтамасыз етіп отырған ең ірі «Басқуат» қазандығы сондай-ақ, 5 кварталдық қазандық және 4 шағын қуатты қазандық бар. 2020 жылдан бері қазандықтарды қатты отыннан табиғи газға ауыстыру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінде қазандықтардың бесеуі...

Талдықорғандықтар Дінмұхамед Қонаевты еске алды

Қазақ жұртының тізгінін ұстап, халық жүрегінен мәңгілік орын алған, елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтықсыз еңбек ектен қазақтың мақтан тұтар перзенті, аяулы ұлы Дінмұхамед Қонаевтың туған күніне орай еске алу шарасы өтті. Өткенді санадан өткізіп, бүгінгіні саралап, болашаққа жол ашып, ұлы тұлғаларымыздың ұлағатты, ерлікке толы жолдарын әспеттеу үлкен құрмет. Шежірелі тарихымызға есімі алтын әріптермен жазылған алып тұлғаның игі істері...

Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады

Әділет министрлігі 2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ХҚКО-ға бармай-ақ туу туралы куәлік алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, АХАТ органдары берген электронды құжаттар бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша...

Жұмысшы мамандықтарының жылы: биыл Жетісу облысының колледждерінде 14 жаңа мамандық ашылады

Ел Президентінің жұмысшы мамандықтар жылы жөніндегі бастамасы аясында Жетісу облысындағы колледждерде сұранысқа ие жаңа мамандықтарды ашу жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, өңірде «Жаңа мамандықтар атласы» бекітілді. Онда еңбек нарығы мен өңірдің экономикасын дамыту талаптары ескеріле отырып, 5 негізгі бағытқа – ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм индустриясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика және жаңартылатын энергия көздері салаларына бағдарланған. Мәселен, өткен оқу жылында өңірдің...

Биыл Жетісу облысында 88 денсаулық сақтау нысанын іске қосу жоспарланған

Биыл Жетісу облысының денсаулық сақтау саласында 88 нысан ашу жоспарланған, соның 59-ы «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасы аясында, 20-сы блокты-модульді нысан, 9-ы – жаңа құрылыс. Мәселен, өткен жылы жылы Жетісу облысында 26медициналық нысан, соның ішінде 24 медициналық және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, 250 келушіге арналған емхана пайдалануға берілген болатын. Ал биыл 88 нысан іске қосылады деп жоспарланып отыр. Өңірдегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын...

АУЫЛДА 1,2 МИЛЛИОН ТҰРҒЫН ЖЫЛЖЫМАЛЫ КЕШЕНДЕРДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ауылдық жерлерде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі кең ауқымды шараларды іске асыруда. Көлік медицинасы - тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың қарқынды дамып келе жатқан бағыты. Еліміздің шалғай аудандарының тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) де белсенді жұмыс істеуде. 2024 жылы 3072 елді мекеннің 1,2 млн тұрғыны...