Жас сарбаздардың 50 шақырымдық көлік шеруі

213

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Кәсіптік-техникалық оқыту бөлімінің жас сарбаздары арасында көлік жүргізу дағдыларын жетілдіру және шыдамдылықты шыңдау мақсатында елу шақырымдық оқу-жаттығу шеруі ұйымдастырылды.
Аталған шеру кәсіби даярлықтың бір бөлігі ретінде өткізіліп, болашақ шекарашылардың көлік құралын түрлі жер бедерінде жүргізу, жол ережелерін сақтау, күрделі жағдайларда шешім қабылдау қабілеттерін арттыруға бағытталды. Шеру барысында сарбаздар межеленген қашықтықты әскери көлікпен жүріп өтіп, командалық тәртіп пен техникалық дайындық деңгейін көрсетті.
Жаттығу барысында нақты жағдайға жақындатылған элементтер қолданылып, әрбір қатысушыға өз міндетін жауапкершілікпен орындау талабы қойылды. Сонымен қатар, қозғалыс кезінде қауіпсіздік шараларына баса мән берілді.
Бұл оқу-жаттығу жас сарбаздардың кәсіби дағдыларын жетілдірумен қатар, жол жағдайында төтенше шешім қабылдау қабілеттерін шыңдауға, әскери машықтарын нақты жағдайда тексеруге мүмкіндік берді.

                                ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз