Жетісу облысы құрылғалы алғаш рет Бұқаралақ ақпарат құралдары арасында спартакиада ұйымдастырылуда. Ақпарат саласы қыметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған спорттық дода тартысты өтуде. Қалам мен камераны серік еткен журналистер 7 спорт түрінен сынға түсті.
Алғашқы жарыстар – футбол мен волейболдан тартысты өтті.
23-25 маусым күндері тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, дойбы және бильярд бойынша жарыстар жалғасады.Спартакиада — тек жарыс емес, бұл – достық , сергектік пен ынтымақ алаңы.
Жалпы алғанда, бұл шараны Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы, Спорт басқармасы және «Спортты дамыту дирекциясы» КММ бірлесе ұйымдастыруда.
«Жетісу Медиа» басшысының орынбасары Рүстем Қанапиянов: «Жетісу облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасындағы I спартакиадасына қатысушылар жақсы белсенділік танытты. Тартысты өткен спорттық ойындардың алғашқы ойынында жүлдегерлер есімі анықталды. Волейболдан облыстық телеарна, шағын футболдан – «Жетісу» газеті спортшылары 1-орынды иеленді».
Әрине, осы турнирдегі жеңіске жету жолы- команданың ұйымшылдығының, алаңда түсінісе білгендігінің және жеңіске деген жігерлілігінің арқасы , – дейді қатысушылар. Бұл турнир мақсаты – журналистер арасында жеңімпазды анықтау емес, ең бастысы, БАҚ өкілдерінің достығын нығайту.
Осы спартакиаданың шахмат ойыны да өте тартысты өтті. «Талдықорған» газетінің қызметкері Сәуле Мускенова қарсыластарын шақ келтірмеді. Осылайша, ол шахматтан үздік ойыншы атанды. Сәуле Рамазанқызына арнайы кубок пен грамота табысталды.





























