ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының жеке құрамының және ардагер шекарашылардың қатысуымен 1941 жылдың маусым айында Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде ерлікпен қаза тапқан шекарашылардың құрметіне арналған салтанатты митинг өтті.
Іс-шара барысында боздақтарға арналған ескерткіш алдына гүл шоқтары қойылып, олардың рухына тағзым жасалды. Салтанатты жиынға басқарма офицерлері, келісімшарт негізінде қызмет атқаратын әскери қызметшілер, жас сарбаздар және шекара ардагерлері қатысты. Шекара шебінде жанқиярлықпен қаза болған жауынгерлердің рухына құрмет көрсету — жас буынға патриоттық тәрбие берудің, Отан алдындағы борышты сезіндірудің маңызды бөлігі саналады.
Митинг барысында сөз алған ардагерлер мен әскери басшылық өкілдері ерлік пен елдік туралы тебірене сөйледі. Олар 1941 жылдың маусымында алғашқылардың бірі болып жауға қарсы тұрған шекарашылардың ерлігі — бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның іргетасына айналғанын ерекше атап өтті.
Бұл шара — шекара қызметінің қаһармандық тарихын ұмытпай, болашақ ұрпақтың бойында елге, жерге деген сүйіспеншілікті нығайтатын тағылымды дәстүрдің жалғасы.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті





























