ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының ұйымдастыруымен және жеке құрам мен шекарашы ардагерлердің қатысуымен 1941 жылдың маусым айында Ұлы Отан соғысы басталған кезде ерлікпен қаза тапқан шекарашылардың рухына тағзым ретінде салтанатты митинг өтті.
Іс-шара барысында шекара шебін алғашқылардың бірі болып жауға қарсы тұрып, Отан қорғауда жанын пида еткен жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, олардың ерлігіне бас иілді. Салтанатты митингке басқарма офицерлері, келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшілер, жас сарбаздар және ардагерлер қатысты.
Митинг аясында сөз сөйлеген әскери басшылық өкілдері мен ардагер шекарашылар жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, батыр бабалардың ерлік жолын құрметтеу – әрбір әскери қызметшінің қасиетті борышы екенін атап өтті. Шара барысында шекара шежіресіндегі ерлік оқиғалар еске алынып, бір минут үнсіздікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етілді.
Мұндай тағылымды іс-шаралар – шекара қызметінің даңқты тарихын ұлықтап, қазіргі ұрпаққа рухани серпін беретін, ел тыныштығы жолында қызмет атқарып жүрген сарбаздардың бойында патриоттық рухты қалыптастыратын маңызды дәстүрдің бірі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті





























