Балаларға арналған мереке
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының радиотехникалық бақылау пунктінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шара әскери қалашық аумағында өткізілді. Балалардың көңілін көтеріп, шаттық сыйлауға бағытталған бұл мерекелік бағдарлама аясында түрлі ойындар ұйымдастырылып, балғындардың белсенділігі мен шығармашылық қабілеттері ерекше көрінді.
Мереке барысында бүлдіршіндерге балмұздақтар мен тәттілер, сондай-ақ арнайы...
Тәрбиелік тағылымды шара
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Достық» шекара бөлімшесінде 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай тәрбиелік-танымдық іс-шара өтті.
«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат заманда қаза болған жандардың рухына тағзым етеміз» тақырыбында өткен кездесуге шекара бөлімінің жеке құрамы қатысты. Шара барысында өткен ғасырдың ең...
Балаларға арналған мерекелік шара өтті
Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Қорғас» шекара бөлімшесінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпаққа қуаныш сыйлау, олардың жүздеріне шаттық ұялату және шекарашы отбасыларына ерекше көңіл-күй тарту ету болды. Іс-шара барысында бөлімше ауласында балаларға арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Балдырғандар ән...
Тұлғалық кеш
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасының «Басқұншы» шекара бөлімшесінде рухани маңызы зор тағылымды шара өтті. Басқұншы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Назгүл Қарғамбекова мен жас маман Жұлдыз Шыражданның ұйымдастыруымен ауыл мақтанышы, қаржы полициясының генерал-лейтенанты Ерлік Кененбаевтың 65 жасқа толуына орай «Асқақтаған даңқы бар» тақырыбында тұлғалық кеш өткізілді.
Шара барысында генерал-лейтенант Ерлік Кененбаевтың өмір жолы,...
Бақытбек Бәмішпен тағылымды кездесу өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының шекара бөлімшелері және кәсіптік-техникалық дайындық бөлімінің жеке құрамы Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегері, филология ғылымдарының кандидаты, Бауыржан Момышұлы атындағы “Намыс” төсбелгісінің иегері, белгілі ақын Бақытбек Бәмішпен кездесті.
Рухани тағылымға толы бұл кездесудің басты мақсаты – жеке құрамды ұлттық рухта тәрбиелеу, жауынгерлердің бойында патриоттық сезім мен отансүйгіштік...
Жетісу облысында Алакөлде жүзу құралдарының бақылаусыз қозғалысының мәселесі шешілді
Жетісу облысында Алакөлде жүзу құралдарының бақылаусыз қозғалысы мәселесі шешілді. Осы мәселені реттеу үшін жалпы су пайдалану қағидалары бекітілді, онда тиісті түсініктемелер беріліп, су айдынындағы қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтамағандарға жауапкершілік белгіленетіні атап көрсетілген. Көліктік бақылау инспекторларының саны және тиісінше шағын көлемді су құралдарының қатары да артпақ. Сонымен қатар жазғы шомылу маусымы барысында көл жағалауының санитарлық жағдайына ерекше назар аударылатын болады,...
Бейбіт Исабаев Парламент Сенатының депутаттарын қабылдады
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров бастаған комитет мүшелерін қабылдады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аталған комитеттің көшпелі отырысына Жетісуға арнайы келген депутаттарға ризашылығын білдірген облыс әкімі көшпелі отырыстың өңірдегі құқықтық тәртіпті сақтаудың өзекті мәселелерін, құқық қолданудың тиімділігін және заңнамалық өзгерістер...
Мемлекеттік рәміздер күні: Жаңа мемлекеттік қызметшілер адалдық антын қабылдады
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Талдықорған қаласында және Кербұлақ, Қаратал, Сарқан аудандарында мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған 7 жас маманның салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті. Бұл маңызды шара – ел тәуелсіздігінің, бірлігі мен тұтастығының нышаны саналатын мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің айқын көрінісі болды. Мемлекеттік қызметке қадам басқан әрбір жас маман үшін бұл күн...
5 маусым- Эколог күні. Қоршаған ортаны қорғау – парыз
2024 жылы ластайтын заттардың шығарындыларының нақты көлемі 13,3 мың тоннаны құрады, жылдық бекітілген лимит 45,1 мың тонна, 2023 жылы – 52,0 мың тонна болса, 2024 жылға шығарындылар лимиті 13,3%-ға азайды. Қалдықтарды көмудің нақты көлемі 104,2 мың тоннаны құрады, жылдық бекітілген лимит 5125,8 мың тонна. 2024 жылға қалдықтарды көму лимиті 341%-ға артты. Бұл туралы Жетісу облысы Экология департаменті басшысының орынбасары...
Құрбан Айт – мейірім мерекесі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облысы бойынша бас имамы Керімбек Дәуітов пен «Жетісу облысының дін істері басқармасы» ММ басшысы Сағыныш Жаңабай Журналистер үйінде Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру және өткізу турасында баяндады.
Керімбек Сәрсембайұлы: «Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 5 маусым - Арафа күнінен басталып, 6, 7 және 8 маусым күндері аталып өтеді. Облыс аумағында айт намазы 6 маусым күні таңғы сағат...





























