5 маусым- Эколог күні. Қоршаған ортаны қорғау – парыз

244

2024 жылы ластайтын заттардың шығарындыларының нақты көлемі 13,3 мың тоннаны құрады, жылдық бекітілген лимит 45,1 мың тонна, 2023 жылы – 52,0 мың тонна  болса, 2024 жылға шығарындылар лимиті 13,3%-ға азайды. Қалдықтарды көмудің нақты көлемі 104,2 мың тоннаны құрады, жылдық бекітілген лимит 5125,8 мың тонна. 2024 жылға қалдықтарды көму лимиті 341%-ға артты. Бұл туралы Жетісу облысы Экология департаменті басшысының орынбасары Бекжанов Ерасыл Баратұлы айтып берді.
Қоршаған ортаны қорғау шараларына биылғы жылы жергілікті бюджеттен 65,0 млн. теңге бөлінген, 2024 жылы 44,7 млн. теңге игерілген (-31,2%). Объектілердің I, II категория операторларының экологиялық шараларына өз қаражаттары есебінен 351,5 млн. теңге жоспарланған, есепті кезеңде 197,2 млн. теңге игерілген (-43%). Шығарындылар, төгінділер және өндірістік қалдықтардың көлемінің өсу-кему себептері туралы  да баяндалды. 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы көму лимиттері облыс бойынша артып отыр. Мәселен, ұлғаюдың себебі- «STS-Astana NS» ЖШС-іне экологиялық рұқсат берілуі, қалдықтарды көму көлемі 2024 жылға 4044,6 мың тонна болса, «Талдықорған Көркейту» ЖШС-іне экологиялық рұқсат беріліп, қалдықтарды көму көлемі 2024 жылға 18,7 мың тоннаны құрады. 

Есепті кезеңде 7 талаптарға сәйкестік тексеруі жүргізіліп, 14 нұсқама берілді, оның 7-еуі орындалды. Нәтижесінде 14 әкімшілік құқық бұзушылық іс қозғалып, жалпы сомасы 10 288 779 351 теңге айыппұл салынды. Оның 2 122 900 теңгесі ерікті түрде өндірілді.

Сотпен 3 кәсіпорынға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылды.  Барлық айыппұлдар ерікті түрде өндірілді. Департаментпен рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 324 және 344-баптары бойынша өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін 7 жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары (ауылдық округ әкімдері, Қаратал, Көксу, Панфилов аудандары әкімдері мен орынбасарлары) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 664 560 теңге айыппұл салынып, ол өндірілді.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 15 тамызда департаментпен Комитет төрағасының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында БАҚ өкілдерінің қатысуымен Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданындағы рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мәселесі бойынша баспасөз туры ұйымдастырылды. Нәтижесінде бұл қоқыс орындары толығымен жойылды.

Есептік кезеңде жоғары ластану, экстремалды жоғары ластану және қолайсыз метеорологиялық жағдайлары тіркелген жоқ. Биыл да жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз