Құрбан  Айт – мейірім мерекесі

286

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу облысы бойынша бас имамы Керімбек Дәуітов  пен  «Жетісу облысының дін істері басқармасы» ММ басшысы Сағыныш  Жаңабай  Журналистер үйінде   Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру және өткізу турасында баяндады.
Керімбек Сәрсембайұлы: «Биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 5 маусым — Арафа күнінен басталып, 6, 7 және 8 маусым күндері аталып өтеді. Облыс аумағында айт намазы 6 маусым күні таңғы сағат 06:00-де оқылады. Құрбан шалу рәсімі 3-бөлімшеде орналасқан мал сою бекетінде ұйымдастырылады. Мереке аясында құрбандық шалуды онлайн форматта өткізу мүмкіндігі қарастырылған. Азаматтар qurban.muftyat.kz ресми сайты арқылы өз өңірін таңдап, құрбан шалуға өтініш бере алады. Сондай-ақ, осы сайт арқылы ет алуға өтініш қалдырып, рәсімнің орындалуы туралы есеп алуға болады. Барлық ақпарат WhatsApp арқылы жіберіледі. Құрбан айт мерекесінде Онлайн және Офлайн режимдерінде құрбан шалынып, мұқтаж азаматтарға ет таратылды».

Жалпы қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, резонанстық жағдайға жол бермеу және құрбан айтты өткізу бойынша тиісті жоспар бекітіліп, жұмыс жүргізілуде. Белгіленген орындарда мал сатылуы мен сойылуын анықтап және ол туралы тұрғындарды алдын ала хабардар ету, мал сою орындарындағы санитарлық-ветеринарлық нормалардың, өрт қауіпсіздігі сияқты талаптардың сақталуын қадағалап, құрбан шалудың тәртібі бағытында ақпараттар әлеуметтік желілерге орналастырылуда.

 Жалпы айтқанда, облыс аумағында Құрбан айтқа  қасапқана ретінде 14  орын белгіленген. Талдықорған қаласы бойынша 3-бөлімшеде орын белгіленген.

Құрбан айт кезіндегі рәсімдерде ысырапшылдыққа жол берілмеуі керек.Шалынған құрбандық еттері ҚМДБ имамдары және еріктілер арқылы мұқтаж отбасыларға үлестірілетін болады.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз