“Застава тарландары” РҚБ өкілімен патриоттық кездесу
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің “Қорғас” шекара бақылау басқармасында әскери қызметшілердің патриоттық рухын нығайту мақсатында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Кездесуге “Застава тарландары” республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі, запастағы полковник Николай Мечетин арнайы шақырылды. Ардагер шекарашы өзінің бай әскери тәжірибесімен бөлісіп, жас буынды ел қорғау жолында табанды болуға үндеді.
Шара шекарашы жауынгерлердің бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, әскери қызметке деген жауапкершілік...
Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды
Балқаш көлі жағалауында демалушылардың игілігіне инженерлік желілер, яғни электр жарығы мен тұрмыстық қажеттілікке арналған су осы маусымда беріле бастайды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Балқаш» туристік-рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желілері құрылысының жобасы - Балқаш көлі жағалауын дамыту бағытындағы басты жобалардың бірі де бірегейі. Жобада электрмен және сумен қамту, кәріз жүйелері, жағалау жиегіндегі автожол құрылысының жобасы қарастырылған.
-...
Жылдам әрі қолайлы: Балқаш көліне дейінгі жол жаңарып, көлік қозғалысы үшін ашылды
Жетісу облысында Балқаш көліне дейінгі жол қайта жаңғыртудан кейін көлік қозғалысы үшін ашылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Балқаш көлі – Жетісу өңірінің туристік әлеуетін танытатын нысанның бірі. Еске салсақ, Балқаш көліне көлікпен бару жағдайын жақсарту үшін көлге апаратын жол екі учаскеге бөлініп, жаңғырту жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, ұзындығы 27 км «Лепсі – Балқаш көлі» жолы...
Туберкулез ауруының деңгейі төмендеді
Елімізде медицина сапасы күннен күнге артуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша шаралар қабылдауды, медициналық ұйымдардың қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасы да бекітілді.
Аталмыш жобаның «Ұлт денсаулығы-біздің сәтті болашағымыздың негізі» бөлімінде сапалы және қолжетімді...
«Әке жолы – ізгі жол»атты тәрбиелік іс-шара өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының ұйымдастыруымен Үшарал қаласының Орталық кітапханасында Кәсіптік-техникалық оқу орталығының жас сарбаздарына арналған «Әке жолы – ізгі жол» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің 40398 әскери бөлімінің әйелдер кеңесінің әскери қызметшілері арнайы қонақ ретінде шақырылып, сарбаздарға жүрекжарды тілектерін білдірді. Қонақтар ел тыныштығын күзетіп жүрген жас шекарашыларға ризашылықтарын...
Мемлекеттік шекара – ұлт мақтанышы
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында Бескөл ауылының Д.Қонаев атындағы орта мектеп оқушыларына арналған ерекше іс-шара өтті. Бұл – шекара шебіндегі қызметтің маңыздылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған ашық есік күні болатын.
Іс-шара барысында оқушылар шекарашылардың күнделікті қызметімен жақынырақ танысты. Қорғаныс пен қауіпсіздіктің басты тірегі – қару-жарақ түрлері, арнайы құрал-жабдықтар, қызметтік иттердің...
Ресей Қазақстандағы АЭС-ті 12 жылда салып бітпек
Қазақстанда салынатын Атом электр станциясының (АЭС) жобасына қатысты жоспарланған мерзім мен құны туралы мәселені Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметі түсіндірді.
Агенттіктің мәліметінше, әлемдік тәжірибе АЭС жобалаудан бастап толық іске қосылғанға дейінгі кезең орта есеппен 10-12 жылға созылатынын көрсетеді. Осыған сәйкес, Қазақстандағы АЭС құрылысының аяқталуы 2035-2036 жылдарға жоспарланып отыр.
Жобаны жүзеге асыруға ниетті "Росатом" мемлекеттік корпорациясы осы мерзімге сәйкес...
Құрметті Жетісу облысының тұрғындары!
Талдықорған қаласының Рақышев және Алдабергенов көшелерінің қиылысында орналасқан коммуналдық базар аумағында әр аптаның сенбі күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтетіндігін еске саламыз.
Сондай-ақ, Жетісу облысының аудан орталықтарында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіңізге қажеттісін таңдап ала аласыз.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша.
Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады
Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің қарым-қатынасы тұрақты сипатқа ие әрі оған геосаяси сын-қатерлер мен дүрбелеңдер, сондай-ақ халықаралық ахуал теріс әсер етпейді.
– Қытай Қазақстанмен арадағы ынтымақтастығында қандай да бір саяси шарт қоймаған. Біздің егемендігіміз бен қауіпсіздігімізге көрсеткен қолдауыңызды бағалаймыз. Қытайдың бейбітшілік бастамаларын қолдаймыз. Еліңіздің әділ әлемдік тәртіп орнату әрекеттерін қуаттаймыз, – деді Қазақстан Президенті.
🟦Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК...
Алаяқтар хабарласса не істеу керек: Бас прокуратура алты кеңес айтты
Қазақстандағы алаяқтық ұзақ уақыт бойы азаматтар үшін бас ауруына айналды. Аляқтар «банк қызметкерлері» болып қоңырау соғады, интернеттегі жалған хабарландырулар, күмәнді инвестициялар, мұндай схемалар көпшілікке таныс және күнсайын күрделене түсіп отыр.
Қазақстанда статистика не дейді?
2024 жылы интернет — алаяқтықтың 22 870 жағдайы тіркелді, ал 2025 жылдың 5 айында — 10 145.
Қай өңірлерде жиі алдайды?
Астана 2025 жылдың 5 айында 1548 жағдаймен көшбастап тұр, бұдан әрі Алматы...



























