ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің “Қорғас” шекара бақылау басқармасында әскери қызметшілердің патриоттық рухын нығайту мақсатында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Кездесуге “Застава тарландары” республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі, запастағы полковник Николай Мечетин арнайы шақырылды. Ардагер шекарашы өзінің бай әскери тәжірибесімен бөлісіп, жас буынды ел қорғау жолында табанды болуға үндеді.
Шара шекарашы жауынгерлердің бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, әскери қызметке деген жауапкершілік сезімін күшейтуге бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша депаратаменті