ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының ұйымдастыруымен Үшарал қаласының Орталық кітапханасында Кәсіптік-техникалық оқу орталығының жас сарбаздарына арналған «Әке жолы – ізгі жол» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Іс-шараға ҚР Қорғаныс министрлігінің 40398 әскери бөлімінің әйелдер кеңесінің әскери қызметшілері арнайы қонақ ретінде шақырылып, сарбаздарға жүрекжарды тілектерін білдірді. Қонақтар ел тыныштығын күзетіп жүрген жас шекарашыларға ризашылықтарын білдіріп, Отанға адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында ерлік пен әкелік өнеге, әскери тәртіп пен ұрпақ тәрбиесі жайлы маңызды ойлар айтылып, жас сарбаздарға үлкен рухани серпін берілді.