Қала әкімдігінің қызметкерлері жабайы сауданың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Артынша, белгіленбеген жерде сауда жасап, тәртіп бұзған сатушылардың орындары тазаланды, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлының айтуынша, саудагерлер базар маңындағы адамдар жүретін жолдың басым бөлігін бөгеп тастаған. Яғни, мұның барлығы  заңға қайшы дейді әкімдіктегілер.

«Біз кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, алдымен заңсыз сауда жасағандарға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204 бабы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Оларға егер бұл ескерту еленбесе, заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындарын айттық. Сондай-ақ, берілген уақыт ішінде жол бойында тұрған қорап, орындық, шатыр сынды барлық заттары алынбаған жағдайда оларды тәркілейтінімізді  түсіндірген едік», — дейді Нұр Қанатұлы.

Алайда, жол үстінде тұрып, кәсібін оңай жолмен дөңгелетіп үйреніп қалғандардың басым бөлігі жоғарыда аталған ескертуді елемеген. Араларында тіпті қарсылық танытқандары да болды.

Осыдан кейін арнайы мамандар араға уақыт салып, сатушылардың заттарын көлікке тиеп алып кетті. Нәтижесінде, қазір орталық базар көшелері жабайы саудадан біржола тазартылған.

На изображении может находиться: на улице

На изображении может находиться: на улице

«Қала әкімдігінде осындай құқық бұзушылықтарға қарсы жұмыс тобы құрылған. Жақында біз жабайы саудаға жол бермес үшін арнайы жоспар құрдық. Бұл шарасоның айғағы», — дейді қала әкімінің баспасөз хатшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK